Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Алматы облысында 11-сынып оқушысы сыныптасының қолынан қаза тапты

«Мектеппен бірге өмірімен де қоштасты» Алматы облысында 11-сынып оқушысы сыныптасының қолынан қаза тапты

Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Долан ауылында мектеп бітіруші 11-сынып оқушысы өзінің сыныптасының қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Infohub.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, күдікті ретінде марқұмның сыныптасы ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сонымен қатар, жасөспірімнің заңды өкілдері баланы тәрбиелеу міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл оқиғаға байланысты облыстық білім басқармасына да тиісті ұсыныс жолданған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу жалғасуда.

 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама