Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 47 минут бұрын)
Алматыда жер сілкінісі болды: Магнитудасы 4,8

Бүгін, 17 ақпан күні Алматы қаласы және оның маңайында жер сілкінісі сезілді. Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, дүмпу жергілікті уақыт бойынша сағат 15:08-де болған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 74 шақырым, Түрген ауылынан шығысқа қарай 17 шақырым жерде орналасқан. Жер қойнауының сілкінісінің магнитудасы 4,8-ге жетті.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісінің балдығы мен эпицентрі туралы ақпарат сейсмологиялық ғылыми орталықпен нақтыланып жатқанын хабарлады.

Тұрғындар әлеуметтік желілерде жер сілкінісін сезінгендерін жарыса жазды. Кейбірі дірілді байқамағанын айтса, енді бірі «жер қатты сілкінді» деп пікір қалдырды.

Жаңалықтар

Жарнама