
- 10 мам. 2025 21:37
- 29
Алматыда жер сілкінісі тіркелді
10 мамыр күні сағат 20:35 шамасында Алматыда жер сілкінісі орын алды. Зілзаланың магнитудасы 4,3 баллды құрады. Жерасты дүмпулері алматылықтарға шамамен 2 балл деңгейінде сезілді. Кейбір тұрғындар дүмпуді байқамағандарын айтқан.
Android жүйесінің жер сілкінісі туралы ескерту қызметі сілкініс ошағы Қазақстан мен Қырғызстан шекаралық аумағында орналасқанын хабарлады.