Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Алматылық студенттер робототехникадан әлемдік додада топ жарды

Алматы политехникалық колледжінің студенттері АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен робототехникадан әлем чемпионатында (FIRST Tech Challenge World Championship 2026) топ жарды. Екі командамыз да Reach Award номинациясында жүлделі орындарды иеленді. Бұл – Қазақстанның жоғары технологиялар саласындағы жетістігін паш еткен маңызды жеңіс.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жетістіктің алғышарттары

Бұл жеңіс кездейсоқ емес. Командалар алдымен Алматыда өткен Central Asia FIRST Championship чемпионатында бақ сынап, үздіктер қатарынан көрінген болатын. Ондағы тәжірибе мен қажырлы еңбек оларды әлемдік аренаға шығуға дайындады.

2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланған. Студенттердің бұл табысы елімізде болашаққа бағдарланған мамандар даярланып жатқанын дәлелдеді.

Болашаққа бағыт

FIRST чемпионатының жеңімпаздарына әлемге танымал MIT, Stanford университеттері мен Google, NASA сияқты алып компанияларға стажировкаға шақырылу мүмкіндігі туады. Бұл – жас мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер есігін ашады.

Студенттердің жарысқа дайындығы стартап жобамен жұмыс істеуге тең. Олар командалық жұмыс, уақытты тиімді пайдалану және қысыммен жұмыс істеу дағдыларын шыңдады. Сондай-ақ, олар АҚШ, Үндістан, Вьетнам елдерінің жас инженерлерімен байланыс орнатып, болашақ жобаларға жол ашты.

Колледж директорының пікірі

ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE директоры Медет Омарбеков:

«Цифрландыру және жасанды интеллект жылында біздің студенттер әлемнің жетекші технологиялық державаларының өкілдерімен терезесі тең өткізді. Біздің колледж әлемдік стандарттағы мамандар даярлайтынын дәлелдедік. Қазақстандық робототехника тарихында жаңа парақ ашқанымызды мақтан етеміз», - деді.

Жаңалықтар

Жарнама