- 05 нау. 2024 04:12
- 283
Ақ тиін мен қасқыр ертегісін мнемотехника арқылы әңгімелеу (кіріктірілген сабақ)
Ақсу қаласының 20 балабақшасы КМКҚ
Лауазымы: әдіскер
Топ: естияр
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ақ тиін мен қасқыр» ертегісін мнемотехника арқылы әңгімелеу (кіріктірілген сабақ)
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту.
Міндеттері:
1. Ертегі мазмұнын көрнекті құралдарды қолдана отырып, әңгімелеп беруге үйрету.
2. Логикалық біртінділік түрінде ертегіні жүйелі құру біліктерін бекіту, жабайы аңдардың мінез - құлқын ажырата білуде пиктограмманы қолдану, сөздер мен сөз тіркестерін тіл ішінде белсендендіру.
3. Балалардың есте сақтау, көру, зейіннің тұрақтылығын қалыптастыру, көрнекі әрекеттілік ойлауын дамыту, бейнелер мен таныс символ белгілерін құра білуге үйрету, жануарларға деген жағымды көзқарасқа тәрбиелеу, оларға қамқор болуға үйрету, жануарларды аялауға үйрету
4. Балалардың саусақ ұшы қимылын дамыту: шымшу, есу әдістеріне баулу, ермексаздан тиіннің бейнесін мүсіндеп шығаруын қалыптастыру.
Көрнекі құралдар:
Теледидар, мнемосызбалар (символдармен), бала санына байланысты конверттер (І - конвертте көк шаршының белгісі бар, ішінде ертегі желісінің қиылған 4 бөліктері бар), жолақша (қызыл дөңгелек белгісі бар, ертегіде кездесетін кейіпкерлердің қиынды суреттерін салады және төменгі жағына осы кейіпкерлердің мінез - құлқын бейнелейтін түстер бар ), ертегі желісіне байланысты үлкен мазмұнды сурет, жаңғақ пен сәбіздің суреті, таратпалы материалдар, себет, грек жаңғақтары, тиін ойыншығы, мұнара, ермексаз, таяқша, сүлгі, су, тақтайша.
Жылулық шеңбері. Балалар топқа келеді, шеңберге дөңгеленіп тұрады. Тәрбиеші балаларға тоқыма жіпті көрсетеді де айтады: «Мынау жіп бізде дәнекер жіп, қазір осы жіпті бір - бірімізге шеңбер бойынша беріп отырып, жылы лебіздерімізді білдіреміз». Балалар бір - біріне жіпті бере отырып, жылы лебіздерін айтып шығады. Тәрбиеші: «Балалар, біз осы дәнекер жіп сияқты біртұтас, татулықта болайық!» дейді.
Жаңа сөзбен жұмыс. Тәрбиеші: «Балалар бүгін біз сендермен «Ақ тиін мен қасқыр» ертегісін әңгімелеп үйренеміз, бұл ертегіде «қатыгез, залым» деген жаңа сөздер кездеседі. Бұл қасқырдың мінез-құлқына арналған сөздер. Жаман деген мағынаны білдіреді.
Тәрбиеші осыдан кейін екі топқа бөлінетінін айтады. Сол бойынша балаларды екі топқа бөледі.
Ақ тиін мен қасқыр ертегісін мнемотехника арқылы әңгімелеу (кіріктірілген сабақ). жүктеу