Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 минут бұрын)
Ақбаян мен Сұлтанның сотта көрсетілген видеосы жұртты елең еткізді

Атырау облысында бірнеше адамның өліміне қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша сот процесінде қызықты жайт орын алды. Сотта айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің ломбардқа алтын бұйымдарын өткізіп жатқан сәті көрсетілген бейнежазба көрсетілді. Бұл видео желіде тарап, жұртшылықтың назарын аударды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот отырысында Сәрсемәлиев кейбір эпизодтар бойынша кінәсін мойындағанымен, Наурыз Мұқанғалиевтің өлімі қасақана емес, абайсызда болғанын айтып, бірқатар айыптармен келіспейтінін мәлімдеді.

Психологиялық сараптама нәтижесі

Тергеу органдарының мәліметінше, жүргізілген психологиялық-психиатриялық сараптама Сәрсемәлиевтің қылмыс жасалған сәтте өз әрекетіне жауап бере алатын жағдайда болғанын көрсеткен.

Басқа тұлғалардың қатысы жоқ

Тергеу барысында бұл қылмысқа басқа адамдардың қатысы анықталмағаны хабарланды. Қазіргі таңда сот отырыстары жалғасып, іс материалдары мен дәлелдемелер мұқият зертделуде.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында бұрынғы жұбайының төрт туысын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іс қаралуда.

Жаңалықтар

Жарнама