Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 57 минут бұрын)
«Әр шатат өз білім жүйесін өз бетінше реттей алуы керек» Президент Дональд Трамп АҚШ Білім министрлігін таратпақшы

АҚШ президенті Дональд Трамп Білім министрлігін жабу туралы жарлыққа қол қоюға дайындалуда. Бұл туралы Infohub.kz The Wall Street Journal басылымына сілтеп хабарлайды.

Трамптың пікірінше, федералдық білім беру басқармасы артық бюрократия тудырып, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсайды. Сондықтан ол министрлікті таратып, білім беру саласындағы өкілеттіктерді штаттарға беруді ұсынды.

Бұл бастама Трамптың 2024 жылғы сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарының бірі болды. Ол Білім министрлігінің жұмысын штаттар деңгейіндегі департаменттер де атқара алады деп санайды.

"Әр штат өз білім жүйесін өз бетінше реттей алуы керек. Федералды билік бұл процеске араласпауы тиіс", – деген еді Трамп науқан кезінде.

Алайда министрлікті тарату үшін Конгрестің мақұлдауы қажет, бұл оңай шаруа емес. Демократтар мен бірқатар сарапшылар бұл шешімге қарсы шығып, білім сапасының төмендеу қаупі барын айтуда.

Қолдаушылар бұл бастаманы штаттардың білім беру саласындағы дербестігін арттыру мүмкіндігі ретінде қарастырады.

Қарсы тарап білім беру жүйесіндегі стандарттардың әркелкі болатынын, бұл елдегі білім сапасына кері әсер етуі мүмкін екенін алға тартады.

Мұғалімдер одақтары мен құқық қорғау ұйымдары Білім министрлігін жабу Конституцияға қайшы деп санап, сотқа шағым түсірді.

Егер Конгресс бұл ұсынысты қолдаса, АҚШ-тағы білім беру жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Бірақ бұл өзгерістер оқушылар мен мұғалімдер үшін қаншалықты тиімді болатыны әлі белгісіз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама