Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Мақсаты: Ас қорыту мүшелерінің құрылысымен таныстыру
Білімділік: Ас қорыту мүшелерінің маңызы, құрылысы мен қызметі туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Дұрыс және ағзаға пайдалы тағамдармен қоректену арқылы салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: дәріс
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі - иллюстративті, топтық жұмыс түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызбалар, оқушыға көмекші материалдар топтамасы.
Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау (Блум жүйесі)
Пәнаралық байланыс:
Тарих (тоқшіктің өсіндісі аппендикстің ашылу тарихымен таныстыру )
Медицинаман( ас қорыту мүшелерінің құрылысын медицинамен байланыстыра талдау)

Сабақ жоспары: Ұйымдастыру. «Ой қозғау»
І. «Білім»жүйесі. 1. Ас қорыту мүшеренің құрылысы және қызметі 2. Аппендикстің ашылу тарихы
ІІ. «Түсіну» жүйесі (жаңа материалдарда берілген білімді түсіну, өзінше түсіндіру, болжам жасау). топтық жұмыс түрлері 1. кестені толтыр
ІІІ. « талдау» жүйесі.(жаңа білімді нақты жағдайда пайдалану) топтық жұмыс
«Мылқау» сурет: (берілген суреттен ас қорыту мүшелерінің құрылысын ата)
1. ауыз қуысы
2. асқазан
3. бауыр

ІҮ. «қолдану»жүйесі. жеке жұмыс: 1. сұрақты суретте
Ү. «Жинақтау» жүйесі. 1. Сызықтық диктант
2. Тест жұмысы. «Ой қозғау» (Оқушының өз бетінше ізденіп, әрекет жасауға дағдыландыру, ойлау қабілетін арттыру барысында проблемалық сұрақтар қойылады.)
Адам күнделікті өсімдіктекті және жануартекті тағамды пайдаланады
1. күнделікті пайдаланатын тағамының құрамында қандай күрделі органикалық заттар бар.?
Суретте берілген органикалық қосылыстарды ажыратыңдар.
2. Тағамдық заттардың құрылыстық қызметі дегеніміз не?
3. Тағамдық заттардың энергетикалық қызметін түсіндіріңіз?
4. Тағамдық заттардың құрамында қандай қосылыстар болады?
5. Бұл заттар ұлпалар мен жасушаларға қалай өтеді?

Жауаптары:
1. Нәруыздар, майлар, көмірсулар
2. тағамдық заттар адам ағзасындағы тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады.
3. Тағам құрамындағы күрделі органикалық заттар ыдырағанда энергия бөлінеді де, энергияның басқа түріне (жылу, механикалық және т. б.) айналады.
4. Құрамында дәрумендер, майлар, нәруыздар, көмірсулар, су, минералды тұздар жатады.
5. Жасуша жарғақшасы арқылы өту үшін қарапайым заттарға ыдырау керек.
Тағамдық заттар алдымен ерітінді күйге айналып, содан кейін қанға сіңіріледі. Қан арқылы ұлпалар мен жасушаларға жеткізіледі.

Мына, жұмбақты шешіп көрейік.
Қос шауыпкелі бар,
Екі алыпкелі бар.
Қос жол көргіші бар,
Екі үн сезгіші бар.
Жалғыз мол асары бар,
Кеуде қағары бар.
Ауа соғары бар,
Қорек қорабы бар.
Тағы... тағы..
Тоқсан жол торабы бар,
шешеді бұл жұмбақты.
Талпынған талабы бар. Бұл кім?
Жауабы: адам.

Жалғыз мол асары ауыз, қорек қорабы - қарын.
«Білім» жүйесі.(жаңа білімнің мазмұндық және ұйымдастырылу ерекшеліктері.
Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы 8 - 10 м. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады

Ас қорыту жолы:
ауыз қуысы жұтқыншақ....... өңеш...... қарын....... ұлтабар.... аш ішек... тоқ ішек.. тік ішек.
1. Ас қорыту мүшелерінің қабырғалары үш қабаттан тұрады. 1. кілегейлі (ішкі)
2. бірыңғай салалы ет 3. сір (сыртқы)
Тіл үш бөлікке бөлінеді: 1. тіл түбірі (ащыны сезеді)
2. тіл ұшы (тәттіні сезеді)
3. тіл бүйірі ( қышқыл мен тұзды сезеді)

Жұтқыншақ – ұзындығы 11 - 13 см бұлшықетті мүше; төменгі жағы тарылып өңешке айналады.
Өңеш - ұзындығы 25 см бұлшық етті түтік, үш қабаттан тұрады, кілегейлі, етті, дәнекер ұлпасынан. Асқазан - ас қорыту жолының көлемді ұлғаюы. Сыйымдылығы 3 л, ұзындығы 25 - 30 см, ені 14 см. Асқазан қабырғасының бірыңғай салалы бұлшықеттері асқазанды қозғалтатын сопақша, қиғаш, сақина тәрізді бұлшықеттерден тұратын үш қабат түзеді. Сақина тәрізді бұлшықеттер сфинктер түзіп, тамақтың асқазаннан ішекке өтуін реттейді.

Аш ішек - ас қорыту жолының ұзын бөлігі, оның ұзындығы 5 - 7 м, және үш бөлікке: ұлтабар, аш ішек, мықын ішекке бөлінеді. Он екі елі ішек қарынның пироликалық бөлігінен басталып, оңға иіліп, нәзік ішекке ауысады. Он екі елі ішектің орта жерінде қарын асты бездерінің түтігі ашылады. Бұл ішектің ұзындығы 27 - 30 см, ені 4 - 5м.
Аш ішек және мықын ішекте астың қорытылуы аяқталады да сіңірілу жүзеге асады. Астың қорытылмаған қалдығы тоқ ішекке өтеді.

Тоқ ішек – ұзындығы 1, 5 - 2 м, басқы бөлігінің диаметрі 8 см, аяқталар тұсы 4 - 5 см. Тоқ ішектің қабырғасы кілегейлі, етті және сір қабаттан тұрады. Тоқ ішек соқырішек, жиек және тік ішек болып бөлінеді. Соқырішектің құрт тәрізді өсіндісі – аппендикс - ұзындығы 8 - 15 см, иммундық жүйенің мүшесі болып табылады. Соқырішектің осы өскінін атақты суретші Леонардо да Винчи 1942 жылғы салған суретінде бейнелеген. Ал ХҮІ ғасырда адам анатомиясының негізін салушы Андрей Везалий

Аппендикстің топографиялық анатомиясын жазып кеткен. Дегенмен, бұл ауруға ат қою америка хирургі Фитцтің үлесіне тиді. Латынша соқырішектің қабынған өскінін операция жасап, кесіп алып тастауды «аппендэктомия» деп атайды. Әйгілі ғұлама Әбу Насыр Әл - Фарабидің Отырардан кетуіне ауырған досына жасаған операция себеп болған. Бұл туралы дерек Қ. Амангелдиевтің 1977 басылып шыққан «Адырлы асулар» атты кітабында баяндалады. Атағы елге танымал Әбу Насырды Алеппо шахарының әміршісі Сайфед - Дауле өз сарайына шақырып, өзінің бас дәрігері етіп алады. Сол жылдары оның ждақсы танысы ауырып, Әбу - Насырға келеді. Бас дәрігер оны тексеріп ешкімге білдіртпей құпия түрде операция жасайды. жарылуға келген соқырішегінің өсіндісін кесіп алып тастайды. Жараның орнын жібек жіппен тігеді, біраз күннен соң ауру айығып кетеді.

Күндердің күнінде бұл хабар дінбасыларға жетіп, олар,»Тірі адамның ішін жарып, ішегін кесіп алу - құдайға күпіршілік жасау»-, деп оны жазаламақ болады. Осылайша дін иелерінен қысым көрген Әбу Насыр Бағдатқа бара жатқан керуенге ілесіп, қаладан бір түнде кетіп қалады. Демек, дүние жүзінде тұңғыш аппендэктемия операциясын жасаған Әбу Насыр Әл - Фараби.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама