Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі мүшесінің құрылысы
Сабақтың тақырыбы: Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі мүшесінің құрылысы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ас қорыту мүшелері олардың құрылысы мен қызметі туралы білім ажырата отырып, ас қорыту мүшелерінің қызметі туралы білімдерін кеңейту
Тәрбиелік: Ас қорыту мүшелерінің маңызын түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп өз денсаулықтарын қорғауға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушыларды өз бетімен ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдылындыру
Сабақтың әдісі: сөздік, сұрақ - жауап, интерактивті әдіс.
Оқыту түрі: Топтық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі кестелер, түрлі тапсырмалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру Сабақтың барысы. Ұйымдастыру. Оқушыларды өсімдік өнімдері суреттері арқылы топтастыру.
1 - топ Жеміс - жидек дақылдары
2 - топ Көкөніс дақылдары 3. топ Астық дақылдары

I. Үй тапсырмасын тексеру. Тірек білімін белсендіру "Баспалдақ әдісі"
1. Тыныс алу жолдарын ретімен айту
2 Тағамдық өнімдер дегеніміз не? 3. Тыныс алу мүшелерінің аурулары
4. Қоректік заттарды ата? 5. Суға кеткен адамға алғашқы көмекті көрсету
6. Көмірсулар дегеніміз не?

II. Негізгі бөлім. Жаңа сабақ.
"Балалар философиясы"әдісі бойынша топ оқушылары оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасай отырып сұрақтарды дайындайды.(10 - 15мин). Топ оқушыларын ортаға шақырып, дауысқа салу арқылы үздік сұрақтарды анықтаймыз.

III. Жауаптың дәлдігі "Иә" - " Жоқ "
1. Ірімшік, май, сүт, ет - қоректік заттар.
2. Қоректік заттар ағзада энергетикалық және құрылыстық қызмет атқарады.
3. Жұтқыншақ асқорыту жүйесінің бір бөлігі.
4. Ауыз қуысында тағам механикалық өңдеуге, сілекейге шылануға ұшырайды.
5. Витаминдер ағзада өздігінен түзіледі.
6. Тағам құрамындағы минералды заттар ауыз қуысында өңделіп ұсақталады.
7. Жұтқыншақта асқорыту жолы мен тыныс алу жолымен бірігеді.
8. Өңеш - сыртқы секреция бездері
9. Ашішек - асқорыту бөлігінің ең ұзын бөлігі
10. Астың қорытылмаған қалдығы ауыз қуысына келеді.

IV. Асқорыту жүйесі қысқаша сипаттама беру

● Асқорыту мүшелері
Ауыз қуысы
Жұтқыншақ
Өңеш
Асқазан
Ашішек
Тоқ ішек

● Сілекей бездері
Сілекей бездері
Бауыр бездері
Ұйқы безі

Сергіту сәті.
V. Білімді бекіту. Оқулықпен жұмыс.
Тест. Дұрыс жауабын табыңдар.
1. Адамда асқорыту жолының ұзындығы
а) 3 - 5см; ә) 8 - 10см б) 15 - 18 см;
2. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан.
а) жұмсақ таңдайда; ә) ұрттың сілемейлі қабығында; в) тілде
3. Асқорыту жолы мен тыныс алу жолдары қай жерде қиылысады?
а) ауыз қуысында; ә) жұтқыншақта; б) өңеште
4. Асқорыту жолында асқазаннан кейір не орналасады?
а) ашішек; ә) тоқішек б) ұлтабар
5. Тоқішектің бөлімдері
а) ашішек, жиекішек, тікішек; ә) соқырішек, тікішек, ұлтабар; б) соқыршек, жиекішек; тікішек
6. Асқорытуда ағзаның улы заттарды бөліп шығаратын бөлігі
а) қарын; ә) бауыр; б) өңеш

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама