Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу
Сабақтың тақырыбы: Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу
1. Синустың, косинустың, тангенстің және котангенстің мәндерін кестені пайдаланып табу.
2. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының және бұрыштарының мәндерін микрокалькуляторды қолданып есептеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға сүйір бұрыштардың синусын, косинусын, тангенсін және котангенсінің мәндерін «Төрт таңбалы математикалық кесте» және микрокалькулятордың көмегімен есептеуді үйрету.
Дамытушылығы: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының
тригонометриялық функцияларын есептеуді және қабырғаларын табуды меңгерту, білім, білік дағдысын
қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Математикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыра отырып ұқыптылыққа, дәлдікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: практикум элементі бар аралас
Сабақтың көрнекілігі: В. М. Брадис кестесі, ДЭЕМде «Калькулятор» қолданбасы, слайд
Пәнаралық байланыс: Информатика

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа қатысы мен дайындығын тексеру.

II. Өткен тақырыптарға бақылау сұрақтары арқылы шолу:
1. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі неге тең?
2. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының арасындағы қатынасты өрнектейтін теорема қалай оқылады?
3. 300, 450 және 600 бұрыштары үшін синустың, косинустың, тангенстің және котангенстің мәндері неге тең?
4. Сыңарын тап
Формуланын екінші бөлігін дұрыс орналастыру

III. Жаңа сабақтың негізгі мазмұны және оны түсіндіру:
А. Біз алдыңғы сабақта 30º, 45º және 60º бұрыштары үшін тригонометриялық функциялардың мәндерін есептеп шығардық. Бірақ бұл әдістерді пайдаланып барлық сүйір бұрыштарды есептей алмаймыз. Ол үшін Брадистің «Төрт таңбалы математикалық кестесін» қолданамыз. Мұнда сүйір бұрыштардың синусының, косинусының, тангенсінің және котангенсінің мәндері берілген. Біз қазір сүйір бұрыштың синусының, косинусының, тангенсінің және котангенсінің мәндерін кестеден табайық.

1. α=20º
sin20 º =0, 3420
cos20 º =0, 9397
tg20 º =0, 364
ctg20 º =2, 747

2. α=42º 36` (градуспен минут аралас келгенде «градус» жолынан горизонталь /көлденең/, «минуттар» бағанынан вертикаль түсу арқылы қиылысуындағы санды аламыз)
sin42º=0, 6769
cos42º36=0, 7385
tg42º36=0, 9195
ctg42º36=1, 0951
Егер «минуттар» бағанында жоқ минут кездессе қосымша оң жақтағы қосымша бағанды қолданамыз.
Мысалы, sin35º1=sin35º+sin10

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама