Асқазан. Асқорыту жолдары
Шымкент қаласы,
№2 «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжінің
Фарм – 22 -18р топ студенті Исмаилова Нурхан Алымбековна
Ғылыми жетекшісі: А.Жақыпбеков
Асқазан (лат. ventriculus - гр. gaster — қарын) — азық (ас) қорыту жүйесінің қапшық тәрізді кеңейген қуысты ағзасы. Бөлімдерінің санына қарай қарын — бірбөлімді және көпбөлімді қарындар болып бөлінеді. Бірбөлімді қарын өз кезегінде: безсіз қарын, безді қарын және безді-безсіз немесе аралас қарын болып үш түрге бөлінеді.
Бірбөлімді қарын
Бірбөлімді қарын күйіс қайтармайтын жануарлардың құрсақ қуысында, көкеттенкейін орналасады. Оның сол жағында өңешпен жалғасатын кардиальды тесігі, ал оң жақ ұшында он екі елі ішекке ашылатын пилорикалық (қақпақтық) тесік болады. Қарынның қабырғасы түтікше ағза ретінде үш қабықтан: ішкі — кілегейлі қабықтан, ортаңғы — етті қабықтан және сыртқы — сірлі қабықтан тұрады. Қарынның өңеш тәріздес кілегейлі қабығын — көп қабатты жалпақ эпителий, ал ішек тәріздес кілегейлі қабығын — жалаң қабат призма тәрізді эпителий астарлайды.
Көпбөлімді қарын
Көпбөлімді қарын күйісті жануарларда болады. Ол өз кезегінде: мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар бөлімдерінен құралған. Бұлардың алдыңғы үшеуінің кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен, ал ұлтабардың кілегейлі қабығы бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Ұлтабар— безді қарын. Қарындағы азық механикалық және биологиялық өңдеулерден өтіп, химиялық жолмен қорытылады. Қарындағы биологиялық өңдеу нәтижесінде түзілген газ тәрізді және кейбір ерітінді заттар алдыңғы қарын бөлімдерінің қабырғалары арқылы-ақ қан және лимфа тамырларына сіңіріле бастайды.
Кейде қарын 2 бөліктен құралады:
• бұлшық етті;
• безді.
Көптеген омыртқасыздарда қарын ерекшеленген және ішкі бөлігі болып есептеледі. Көптеген буынаяқтылардыңқарнында қоректік зат бөлшектенеді. Өрмекшітәрізділерде бітеу өсінділері бар ортаңғы ішектің алдыңғы бөлігі қарын. Жәндіктерде қоректік затты бөлшектеп шайнау қарны жақсы жетілген, ал безді қарын тек кейбір түрлерінде ғана байқалады. Ұлулардың қарнына ас қорту бездері ашылған, (бауыры) қарны екі бөліктен тұрады: өңешпен байланысты кардиалды және ішекпен байланысты пилорикалық. Екеуінің ортасында қарын түбі орналасқан. Құстарда қарын екі бөліктен, бұлшық етті және сөлді қарыннан тұрады. Сөлді қарында ас қорыту сөлін шығаратын бездер жақсы жетілген. Сүтқоректілердің қарны жақсы жетілген. Қарапайым бір камералы қарын оларда 4 бөліктен тұрады: өңеш бөлімі, кардиалдық, қарын түбі және бездері жақсы жетілген пилорикалық бөлімнен. Қоректік затпен қоректену ерекшеліктеріне сәйкес жануарлар қарыны әртүрлі болады. Күйіс қайыратын жануарлардың қарнының өңеш бөлімі жақсы жетілген, одан арнайы 3 камера пайда болған: жалбыршақ, тақия, таз қарын, тек ұлтабар ғана нағыз безді қарын. Адамдар мен жыртқыштардың қарны бір камералы, қарын түбі, кардиалды және бездері жақсы жетілген пилорикалық бөліктерінен құралған. Адам қарынның көлемі 1,5-2,5 л ол әйелдерге қарағанда еркектерде біраз үлкен.
Асқазан, ventriculus, асқорыту жолының қалта тәрізді кеңейген жері болып табылады. Қарында өңеш арқылы тамақ жиналып, асқорытудың 1-ші сатылары өтеді, тамақтың қатты бөліктері сұйық немесе ботқа тәрізді қоспаға айналады. Қарында алдыңғы қабырға, paries ant., мен артқы қабырғаны, paries post., айырады. Қарынның жоғары және онға қараған ойыс жиегінің кіші қисықтығы,curvature ventriculi minor, деп, ал төмен және солға қараған дөнес жиегі үлкен қисықтығы, curvature ventriculi major, деп аталады.