Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 46 минут бұрын)
Асқазан обы: Хеликобактер пилори бактериясы қалай қатерлі ісікке айналады және оны қалай емдеу керек?

Асқазан обы – әлемдегі онкологиялық аурулардың ішінде өлім-жітім көрсеткіші бойынша алғашқы бестікке кіреді. Бұл қатерлі ісіктің даму қаупін арттыратын маңызды факторлардың бірі – Хеликобактер пилори (Helicobacter pylori) бактериясы. Қазақстанда бұл инфекцияны жұқтырғандардың үлесі шамамен 70%-ға жетеді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Хеликобактер пилори деген не және несімен қауіпті?

Helicobacter pylori – асқазанның қышқыл ортасында тірі қала алатын ерекше бактерия. Бұл инфекция адам ағзасында ондаған жылдар бойы сақталып, асқазанның созылмалы ауруларына, тіпті қатерлі ісікке де себеп болуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, бұл бактерия әлем халқының жартысына жуығын қамтыған. Қазақстанда бұл көрсеткіш 60-70% аралығында, кейбір деректерде 85%-ға дейін жетеді. Әсіресе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында бұл көрсеткіш жоғары. Бұл аймақтарда асқазан обынан болатын өлім-жітім де республикалық орташа көрсеткіштен асады.

Мұндай алшақтыққа бірнеше фактор әсер етеді. Соның бірі – тамақтану әдеттері. Солтүстік және шығыс өңірлерде тұзды, ысталған және өңделген тағамдарды тұтынудың жоғары болуы асқазанның шырышты қабығына зиян келтіріп, обы ауруының қаупін арттырады. Сонымен қатар, өнеркәсіптік аймақтардағы экологиялық жағдай да бұл мәселеге ықпал етуі ықтимал.

Асқазан обы мен Хеликобактер пилори байланысы

Helicobacter pylori инфекциясы екі түрлі ракпен тығыз байланысты:

Қазақстанда асқазан обының қанша жағдайы осы бактериямен байланысты екені туралы нақты статистика жоқ. Дегенмен, халықаралық және жергілікті зерттеулерге сүйенсек, асқазан обы жағдайларының 75-90%-ы Хеликобактер пилоримен тікелей немесе жанама байланысты болуы мүмкін. Инфекцияланған адамдарда бұл аурудың даму қаупі 3-6 есе, ал бактерияның өте агрессивті штамдарымен жұқтырғанда 8-10 есе артады.

Әрқашан Хеликобактер обыға әкеле ме?

Бактерияны тасымалдаушыларда асқазан обының даму қаупі орта есеппен 1-3% деп бағаланады. Бұл көрсеткіш аз болып көрінгенімен, инфекцияланған халықтың көптігін ескерсек, бұл сан елеулі мөлшерге айналады.

Қауіпті арттыратын факторлар:

Инфекцияның ұзаққа созылуы да қауіпті арттырады. Инфекция неғұрлым ерте басталса және ағзада ұзақ сақталса, асқазан шырышты қабығының патологиялық өзгеруінің ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.

Бактерия қалай жұғады?

Хеликобактер инфекциясы көбінесе ластанған су, тағам арқылы немесе отбасындағы жақын қарым-қатынас арқылы жұғады. Жұғу жолдары – нәжіс-ауыз және ауыз-ауыз.

Инфекцияның кең таралуының басты себебі – оның байқатпай өтуі. Кейбір адамдарда симптомдар пайда болмай, инфекция жылдар бойы немесе ондаған жылдар бойы сақталуы мүмкін. Иммундық жүйе бактерияны толық жоя алмаса да, оның белсенділігін тежеп отырады. Сондықтан көптеген адамдар Helicobacter-дің бар екенін білмейді.

Қандай симптомдарға назар аудару керек?

Бактерияға байланысты симптомдар пайда болса, олар көбінесе асқазандағы жайсыздық немесе қыжыл сияқты белгілермен көрінеді. Көпшілік бұған мән бермей, оны тамақтану немесе стресспен байланыстырады. Нәтижесінде, инфекция анықталмай, қабыну процесі жалғаса береді.

Жиі кездесетін белгілер:

Анемия (әлсіздік, бет-әлпеттің бозаруы) сияқты асқыну белгілері де байқалуы мүмкін. Егер асқазандағы қабыну ұзаққа созылса, созылмалы шаршау, жұмыс қабілетінің төмендеуі байқалуы мүмкін.

Симптомдардың болмауы бәрі дұрыс дегенді білдірмейді. Сондықтан асқазанмен болатын кез келген қайталанатын немесе ұзаққа созылған проблемалар тексеруден өтуге себеп болуы тиіс.

Хеликобактер пилориді диагностикалаудың заманауи әдістері

Helicobacter pylori инфекциясын анықтау үшін бірнеше түрлі зерттеу әдістері қолданылады:

Дәрігердің айтуынша, диагностика әдістерінің таңдауы клиникалық жағдайға байланысты. Қазіргі таңда диагностика қолжетімді және инфекцияны ерте сатыда анықтауға мүмкіндік береді.

Маман талдау тапсыруға мына жағдайларда кеңес береді:

Қазақстанда Хеликобактерге жаппай скрининг жүргізілмейді. Тек белгілер бойынша тексеру жүргізіледі. Елімізде инфекцияның кең таралуын ескерсек, жыл сайын ересектердің тек 20-30%-ы ғана тексеруден өтеді, бұл жеткіліксіз.

Процесті ерте кезеңде тоқтатуға бола ма?

Маманның айтуынша, бактериядан туындаған асқазан ауруларының дамуын көп жағдайда баяулатуға, ал ерте кезеңде тіпті тоқтатуға болады. Ең тиімдісі – созылмалы гастрит кезінде емдеуді бастау. Уақытылы басталған ем қабынуды азайтып, асқазан шырышты қабығының қалпына келуіне көмектеседі.

Атрофия дами бастаса, өзгерістер тұрақты болады, бірақ емдеу аурудың дамуын баяулатып, тіндердің жағдайын жақсарта алады. Ал ішек метаплазиясы кезінде өзгерістер іс жүзінде қайтымсыз болады. Бұл жағдайда ем шырышты қабықты қалпына келтірмесе де, одан әрі зақымдануды және қатерлі ісікке айналу қаупін азайтады.

Helicobacter pylori емдеуінің тиімділігі 85-95% жетеді. Бірақ емнің нәтижесі таңдалған емдеу схемасына және пациенттің ұсыныстарды орындауына байланысты.

Хеликобактер пилориді әрқашан емдеу керек пе?

Қазіргі клиникалық ұсыныстар бойынша, анықталған инфекцияны міндетті түрде емдеу қажет. Әдетте, дәрігерлер антибиотиктер мен қышқылды азайтатын препараттардың комбинациясын тағайындайды. Емдеу бактерияны жоюға бағытталған. Helicobacter-ді жою асқазан жарасы мен обының, әсіресе ерте сатыдағы қаупін азайтады. Сондықтан «еш нәрсе мазаламай тұрса, емдеудің қажеті жоқ» деген ұстаным ескірген және қауіпті болып саналады.

Қайта жұқтыру мүмкін бе?

Онкологтың айтуынша, қайта жұқтыру мүмкін, бірақ бұл сирек кездеседі. Орташа алғанда, жылдық қауіп 1-5% құрайды. Бірақ, ең бастысы, сәтті емдеуден кейін инфекция қайтып келмейді.

Онкологтың негізгі ұсыныстары

Дәрігер мыналарды ұсынады:

Жалпы, басты қағидат – ауыр симптомдарды күтпей, алдын алу шараларын қолға алу. Helicobacter pylori – басқарылатын қауіп факторы және дұрыс тәсілмен оның ықпалын айтарлықтай азайтуға болады.

Жаңалықтар

Жарнама