Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 10 ақп. 2026 06:00
- 15
«Үйлеріңе бөлшектеп қайтарам»: Еркебұлан Тоқтар стримерлерге қатаң ескертті
Қазақстанға келген ресейлік стримерлердің тікелей эфирде қазақстандық қыздарды қорлаған сөздері желіде қызу талқыланып, қоғамның наразылығын тудырды. Бұл жағдайға қатысты спортшы әрі актер Еркебұлан Тоқтар да үн қатты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматыда ресейлік стримерлер Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаев (Ренатко) «ұсақ бұзақылық» бабымен 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды. Алайда, көпшілік стримерлердің ресми кешірім сұрауын талап етуде.
Еркебұлан Тоқтардың ескертуі
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар өзінің Instagram парақшасында видео үндеу жариялады. Ол алдымен қазақ тілінде, содан кейін орыс тілінде стримерлерге тікелей жүгініп, олардың әрекетіне қатысты өз пікірін білдірді.
«Жігіттер, мұндай жағдай менің елімде, менің жерімде тағы қайталанса, сендерді қол жүгімен аттандырамын. Бөлшектеп жіберемін. Сөз беремін», – деді спортшы.
Бұл мәлімдеме желі қолданушылары тарапынан әртүрлі пікірлерге ие болды. Бірі спортшының ұстанымын қолдаса, енді бірі оның сөзін тым қатал деп тапты.