- 30 қар. 2022 00:00
- 198
Әуе компанияларға қойылатын талаптар күшейеді
Қазақстанда ұшағы бес сағат кідірген жолаушыларға билет құны толықтай қайтарылуы мүмкін.
Қазір рейс 10 сағат кідірсе ғана жолаушылар билеттің толық құнын қайтаруды талап ете алады.
Қазақстанда ұшағы ұшпай жатқан кез келген жолаушы күткен әр сағат үшін билет құнының 3%-ын кері ала алады. Бірақ, Индустрия министрлігің сөзіне сүйенсек, әуе компаниялары түрлі себеп айтып бұл өтемақыны бермейді екен. Министрлік елде рейстер жиі кідіретіндіктен өтемақы төлемейтін әуе компанияларын қатаң жазаламақ. Статистикаға сенсек, биылғы жазда рейстердің 63%-ы кешігіп ұшқан.
Одан бөлек, алдағы уақытта әуе компаниясы ұшақ жолға кешігіп шығатын немесе мүлдем шықпайтынын жолаушыларға SMS хабарлама жіберіп ескертуге тиіс болады.
Ал Авиация әкімшілігінің өкілі Нұржан Малаевқа сенсек, заңнамаға өзгеріс енгізілсе, әуе компаниялары өз қара тізімін жасай алады. Оған енген жолаушы ұшаққа міне алмайды.
Шонаева Дәулетбике