Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Бағым Мақсатқызы даулы жағдайға нүкте қойды

Танымал әнші Бағым Мақсатқызы өзіне қатысты жанжалға қатысты алғаш рет пікір білдірді. Ол Revue News басылымына берген сұхбатында бұған дейін айтылған ақпараттың шындыққа жанасатынын растап, психологиялық ем қабылдап жүргенін жеткізді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Мен бұл сұраққа жауап бергім келмейді. Баян Мақсатқызы қалай айтса, тура солай болды. Ол рас. Мен өте ұзақ уақыттан бері емделіп жүргенімді айтқым келмейді. Мені емдеп жазады деп үміттенемін», – деді әнші.

Сұхбаттан кейін әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікірлер туындады. Кейбірі әншінің жағдайына шынайы жанашырлық танытса, енді бірі болған оқиғаға күмәнмен қарады. Желідегі пікірлердің кейбірі: «Бағым байын біреуге беріп қоятын қатын емес қой», «Өтірік қой», «Не болды сонша? Жауап бергілерің келмесе, неге жаясыңдар оны?», «Ауырып жүрген адамға ұқсамайды» деп жазылды.

Соңғы уақытта Бағым Мақсатқызы мен оның анасы Баян Мақсатқызы арасындағы қарым-қатынасқа қатысты әртүрлі әңгімелер әлеуметтік желіде жиі талқыланып келгенімен, тараптар оқиғаның толық мән-жайын ашып айтпаған еді.

Жаңалықтар

Жарнама