Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Баланы ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
«Балауса» балабақша тәрбиешісі
Алимова Гулнар Мухановна

Баланы ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Халқымыздың «баланы ойын өсіреді» деген даналық сөзі тегін айтылмаса керек. Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп ойы сергиді, денесі шымырланады. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С Макаренко былай деді; «Бала ойында қалай болса өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады» Сондықтан балалар үн-түнсіз ойнайды. Тіпті бала жалғыз болғанын өзінде де сөйлесіп жүреді. Сөйлесе жүріп бала пікірлесіп, әсер алысып, ойының түркі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Заман өзгерген сайын адам баласының басынан өткендері баланың ойынында көрініс табатынына ешкім де шек келтірмес. Тәрбиелі балалардың физиологиялық психологиялық ерекшеліктері есте ұстап, ұлттық қозғалыс ойындарын балабақша өмірінде жас ерекшеліктеріне сай келмесе кері әсерін тигізуі мүмкін. Сонымен қатар ойындар баланың белсенділігін арттылып, тәрбиесінде оң әсерін тигізуді, өзіне де баға бере алады. Әр бір ойын балалардың адамгершілік жолындағы бір көтеріліп баспалдағы секілді. Ойының түркі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтының жалпы анықтамасы. Мысалы: «дүкен», «аурухана», «ұшқыштар», Отбасы, балалар бақшасы және т. б болып ойнайды.

Ойын негізінен сергу кезінде ұйымдаcтырылады. Сондықтан ауада арнаулы құрылыстар ғимараттар, көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Сюжетті рольді ойындар мектепте дейінгі балаларға тән ең сипатты бар ойындар болып табылады.
Мысалы: Дүкен ойының ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттерін жасайды. Ал Аурухана ойыны ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне електейді.

Драматизииялық ойындарда қандай да бір әдеби шығарманың ертегінің т, б сюжетті мен мазмұнына сәйкес болады. Драматизиялық ойынында әрекетінің бірі түрі. Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Мысалы: Сиқырлы қақпақтың сырын ашайық деген ойында ересек топтарды тәрбиелі балаларды зат туралы айта білуге үйрету, балаларды зат туралы айта білуге үйрету олардың жүйесі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Дидактикалық ойының нәтижесі қандай жолмен болса да өту емес, балалардың білімді игеру, ақыл - ой қызметін дамытуда, дара қарым - қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің бағалау. Дидактикалық ойындар топ бөлімшесінде, аулауда, залда өткізіледі. Дидактикалық ойының орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.

Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да ұту емес, балаларды білімді игеру, ақыл - ой қызметін дамыту да, өзара қарым - қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындар да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ойлау жұмсау, ережені ой елегінен өткізе білу іс - әрекеттердің қиыншылықтарды жою керек. Олар балалардың түйісін және қабылдау қабілетін, дамытуға ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруін көмектеседі. Дидактикалық ойындар табиғатпен таныстыру сабағында математика, тіл дамыту, сауат ашу, көркем әдебиет сабақтарында жиі қолданады.

Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек. Стол үстінде ойындарға лото, домино тақырыптық ойындар («Қайда не өседі?»), («Бұл кімге керек») т. б пазлдар, леголар, қимыл белсенділігін, еріктілікті талап ететін ойындар жатады.

Ересек топтағы балалар үшін қағазға басылған стол үстінде ойналатын ойын қызықты келеді. Оларға табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (Кім не біледі, немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?) бейнеленген ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.
Қимыл ойындары балалардың қозғалысын жүгіру, секіру, өрмелеу лақтыру, қағып алуды жаттықтыруға, дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке психикалық дамытуына, жеке басының аса маңызды салалардың қалыптастыруына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойындары үйдің ішінде серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай дене шынықтыру сабағына игерген соң өздігіне ойнай алады. Мысалы: Соқыр теке, Көкпар, Асық, Бәйге, Тақия тастамақ т. б ойындар жатады.

Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да серуенде өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғаның өзіде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді. Мерекелік ертеңгіліктер, іс - шараларға қатысқан ата - аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер баланың тілін дамыту үшін шығармаларды сахналаудың білімділік тәрбиелік маңызы зор екенін айтады.
Драмалық ойындар шығарманың мазмұнын есте сақтауға, кейіпкердің жағымды, жағымсыз іс - әрекеттерін, адамгершілік қасиеттерін ажыратуға, отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Баланы халыққа педагогикасы негізінде тәрбиелеу, елді таныту бағытында маңызы орын
«Орамал кетті», «Асық ату», «Түйілген орамал», «Қыз Қуу» «ҰШТЫ, ҰШТЫ» т. б ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тәжірибесін кеңейту, ептілік қабілеттерін жетілдіруге өз әсерін тигізеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді қалқымыз.
Сабақта пайдаланылатын ойын түрлерімен ата - аналар әр топтағы ақпараттық бұрыштағы материалдар арқылы және сабақ, ертеңгілік, іс - шараларға қатысқанда танысады. Ата - аналар жиналыстарында, жеке әңгімелесуге отбасында балаға қазақ тілін үйреткенде ойынды пайдалану жолдары туралы пікір алысамыз.
Тіпті балалар қызығушылығы соншалық сабақтан кейін, сол орталықта ойын ойнағысы келеді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама