Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Банктер арасында телефон нөмірі арқылы аударымдар 2025 маусымында іске қосылады

Банктер арасында телефон нөмірі арқылы аударымдар 2025 маусымында іске қосылады,-деп жазады Инфохаб тілшісі.

2025 жылдың маусым айында Қазақстанда телефон нөмірі арқылы банкаралық аударымдар жүйесі іске қосылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов цифрлық қаржы инфрақұрылымына арналған брифинг барысында хабарлады.

Оның айтуынша, банктерге мобильді төлемдердің банкаралық жүйесіне қосылу міндетті болмақ. Бұл азаматтарға әртүрлі банктер арасындағы QR төлемдер мен мобильді аударым сервистерін бір нөмір арқылы пайдалануға мүмкіндік береді.

– Біз қаржы қызметтерінің қолжетімділігі мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ қаржы секторының дербестігін арттыру мақсатында жұмыс істеп жатырмыз, – деді Шолпанқұлов.

Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі Бинұр Жәленов алғашқы кезеңде бес банк клиенттері үшін бұл қызмет қолжетімді болатынын нақтылады.

Жүйе Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылым аясында жүзеге асырылып жатыр. Оған Ұлттық төлем жүйесі, Алаяқтық транзакцияларға қарсы орталық, Қашықтан биометриялық сәйкестендіру, Ашық банкинг және Цифрлық теңге платформасы кіреді.

 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама