Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Белгілі сатирик Уәлибек Әбдірайымов қайтыс болды деген ақпарат жалған болып шықты

Белгілі сатирик Уәлибек Әбдірайымов қайтыс болды деген ақпарат жалған болып шықты

Әлеуметтік желілерде тараған Уәлибек Әбдірайымовтың қаза тапқаны жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды. Белгілі актер, «Шаншар» театрының жетекшісі бұл жалған хабарды жоққа шығарып, өзінің аман-есен екенін растады.

Желіде тараған хабарламада «Шымкентте қызды алып қашу кезінде жол апатына ұшырап, қаза болды» делінген. Бұл ақпаратта тіпті «120 км/сағ жылдамдықпен көлік тізгіндеген» деген тәрізді шындыққа мүлде жанаспайтын мәліметтер де жазылған.

Актер бұл қауесетке байланысты видеоүндеу жасап, өз таңданысын білдірді:
«Мен Батыс Еуропада жүрсем, біреу мені өлтіріп қойыпты. Өзіме жаназа мен жетісін айтпағандарына ренжіп қалдым. Кеше Германияда болдым. Тірімін бе, өлгем бе деп өзім қорқып кеттім», – деді ол.

Жалған ақпараттың әлеуметтік желіде кеңінен таралуы қоғамда алаңдаушылық туғызып, ресми растаусыз тараған хабарламаларға сенбеудің маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама