Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Білімділер сайысы
Бастауыш сынып мұғалімі Махатаева Раушан Берішбаевна

Білімділер сайысы
Ашық сабақ жоспары
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Білімділер сайысы»
Мақсаты: Өткен сабақтарды еске түсіріп, жыл мезгілдері, төрт түлік мал туралы түсініктерін бекіту, балалардың тілін дамытып, ой - өрісін кеңейту. Құстар жайлы білімдерін тиянақтау. Балалардың логикалық ойлау қабілетін, тез ойлау белсенділігін арттыру.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, дидактикалық, логикалық ойындар.
Көрнекілік: Слайд

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы:

1. Ұйымдастыру.
- Тәрбиеші: Балалар көңіл - күйлерің қалай? Онда жылы жүзбен шаттық шеңберін құрып, тілек тілейік.
Аспанда күн ыстық,
Ал жерде не ыстық?
Әкемізбен шешеміз
Бәрінен де тым ыстық.
Жасасын туыстық,
Достық пенен тыныштық.

Балалар бүгінгі сабағымыз «Білімділер сайысы» деп аталады. Сендер төрт топқа бөлініп, сайыста білімдеріңді көрсетесіңдер. Бізге қазылар алқасы әділ бағаларын беріп отырады.
Топ басшылары топтарын таныстырады.
1 топ «Балақай» топ басшысы Айжан
2 топ «Алақай» топ басшысы Ақжүніс
3 топ «Ботақан» топ басшысы Марал
4 топ «Қошақан» топ басшысы Әлібек
1 сайыстың тапсырмасы: Д(о. « Ойлан тап» Слайдтан жыл мезгілдерінің суреті бойынша 4 топтан бір бала әңгімелейді.

2 сайыс тапсырмасы. «Кім білімпаз? Кім ойлампаз?» Барлық топқа бірдей сұрақтар қойылады.
1. Біз қай қалада тұрамыз?
2. Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
3. Біздің балабақшамыз қалай аталады?
4. Біз таңертең ұйқыдан оянған соң қайда келеміз?
5. Біз қай топтың балаларымыз?
6. Үйге қай мезгілде қайтамыз?
7. Кемпірқосақта неше түс бар?
8. Табиғат дегеніміз не?
9. Табиғат нешеге бөлінеді?
10. Рәміздерді ата?
11. Отбасы дегеніміз не? Отбасы мүшелерін ата?

Сергіту сәті. Алтыбақан тербеледі,
Алға, артқа шайқала,
Қызғалдақтар жайқалады,
Қандай әсем айнала.

3 сайыс тапсырмасы. Ойын. «Бәрін білгім келеді». Ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру.
Түйе. 1 Үй жануарларын ата
2. Үй жануарларының төлдерін ата
3. Үй жануарларының адамға пайдасы
4. Мақал үй жануарлары туралы
Ұлттық заттар
1. Ұлттық киімдер
2. Ұлттық ойындар
3. Зергерлік бұйымдар
4. Ұлттық тағамдар

Құстар
1. Ұй құстарын ата
2. Дала құстары
3. Құстар қалай дыбыстайды?
4. Құстар туралы тыйым сөз

Ойыншықтар
1. Сүйікті ойыншығым
2. Ойыншықтар неден жасалады?
3. Қандай ойыншықтарды ұнатасың?
4. Топ ойыншықтарын ата

4 сайыс «Ертегілер елінде» Слайдтан ертегілер дің суретін көрсету. Қай ертегі екенін атап, немен аяқталатынын әңгімелеп береді.
Қорытынды. Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? Қандай тақырыптар туралы қайталау жасадық? Ендігі сөзді сендердің білімдеріңді бақылап отырған әділ қазыларға береміз. Балалар бүгінгі еңбектерің үшін кішкентай сыйлығымды қабыл алыңдар.

Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама