Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 02 мау. 2026 04:00
- 17
«Біреуге күлмей-ақ қойса ғой..»: Ләйлә Сұлтанқызы Мөлдір Әуелбекованы жақтаймын деп, жұрттан сөз естіді
Екі аптадан бері қоғамда продюсер Баян Мақсатқызы мен әнші Мөлдір Әуелбекова арасындағы дау қызу талқыланып жатыр. Осы жағдайға қатысты пікірін білдірген журналист Ләйлә Сұлтанқызы жұртшылықтың сынына ұшырады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желідегі «Ех,Нучи біреуге күлмей-ақ қойса ғой…» деген жазбасы үшін Ләйлә Сұлтанқызы сыналып қалды. Бұл сөздер блогер Нұр-Ай Нұрпейісоваға (Нучи) арналған болатын. Ол бұған дейін «Ұстазым», «Моля, не нервируй меня» деген жазуы бар футболка киіп, оны Баян Мақсатқызы да сөз еткен еді.
Ләйлә Сұлтанқызының бұл жазбасы көпшілікке ұнамай, оған «Очко жинамай ақ қойыңызшы», «Мықты болсаң, Баянға айтсаңшы», «Нучиға ғана күші жете ме?» деген сияқты пікірлер жаудырды.