Биология пәні бойынша Блум таксономиясының тиімділігі
Қ.Үкібаев атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
3 деңгейлі сертификатталған биология пәнінің мұғалімі: Ташматова Бибігүл Раманқұлқызы
Әр мұғалімнің өміріндегі басты мақсаты-бәсекеге қабілетті, мектепте алған білімдері мен біліктерін өмірде орынды пайдалану және заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу, білім беру.
Мен мектептегі сабақтар топтамасын жоспарлауда Бағдарламаның жеті модулін сабақтарыма ықпалдастыруды назарға алдым. Сонымен бірге әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланарда оқушылардың жас ерекшелігін міндетті түрде ескердім. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруы мен өсуіне үлес қосатын сергіту сәттерін де пайдалануды ойластырдым.
Қысқа мерзімді жоспарды «Блум» таксономиясы бойынша білу, түсіну, қолдану, жинақтау, бағалау кезеңдері деп сабағымды жоспарладым. «Блум» таксономиясы мен үшін өте тиімді тәсіл болды. Менің сабағым Ішкі секреция бездерің ішіндегі қалқанша бездің құрлысымен қызметін» тиімді пайдалана отырып, оқушыларды топқа біріктіріп, топтық, жұптық, жеке деңгейлік тапсырмалар бердім.Оқушылар диалогты әңгімелесу кезінде бір-бірін тыңдады, пікір алмасты, ой бөлісті, бір-бірін тыңдады, талқылады, ой жинақтады,ынтымақтастықта білімді бірлесіп құру арқылы түсінікпен дағдыларды қалыптастырды.
Қалқанша бездің құрлысы менқызметі тақырыбындағы сабағымның мақсаты: Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулардың шығуын түсіндірдім. Сыни тұрғыдан ойланып, ойларын еркін айта білуге дағдыландырдым және ынтымақтастықта жұмыс істеу дағысын қалыптастырдым.
Күтілетін нәтиже: Қалқанша бездің қызматі бұзылғанда пайда болатын аурулардың белгілері, мекседема, іспебұғақ, кретинизм, безедов ауруларының алдын алуды біледі және ажырата алады.
Сабақта қолданған әдіс -тәсілдер: «Ой-қозғау», «Өрмекші торы», «Балық қаңқасы», «Бес саусақ» ,«Аяқталмаған сөйлем» , «Ойлан, бірік, бөліс», «Сұрақ қою» әдістері.
Деректер: интерактивті тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары.
«Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі» тақырыбында ашық сабақ өттім. Сабаққа мектеп директоры және бірнеше мұғалімдер қатысты. Оқушылармен сәлемдесіп, психологиялық дайындық жасадық. Осы жаңа әдіс – тәсілмен сабақ өту барысында қалыптасқан дәстүріміз бойынша, сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым. Оқушылардан алдағы аптадағы жетістіктерін айтып өтуді сұрадым. Бірінің айтқанын екіншісі қайталамауын ескерттім. Оқушылар алдағы жетістіктерін толық жеткізе алмады, бірақ – ақ кейбір оқушылар қызығушылықпен жетістіктерін айтып, басқаларды да ойлануына түрткі болды. Ойлау қабілеті дамыды, жақсы атмосфера қалыптастырдым.
1.Білу кезеңі: үй тапсырмасын сұрауда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бойынша «Өрмекші торы» әдісі арқылы сұрадым. Оқушылар шеңбер құрып тұрды және жіпті қағыт алып қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, өзі де сұрақ қойды. Бұл әдіс оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға тиімді екен. Тапсырмада оқушылар бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы диолог жасады. Мeрсер мeн Литлтон (2007 ) өз еңбeктерінде диолог-сaбақта оқушылaрдың қызығушылығын aрттырумен қатaр олaрдың білім дeңгейінің өсуіне үлес қосaтынын айтып көрсеткен. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 36-бет) Сабақтың қызығына түскен С деңгейіндегі тұйық оқушым да қатысып, Гормон қандай зат, қайдан бөлінеді, қандай қызмет атқарадыдеп сұрақ қойып, жауабының дұрыстығын айтып, кешегі тақырыпты жақсы түсінгенін білдірді. Кейбір оқушым сұраққа дұрыс жауап бере алмаған кезде, ол оқушыға сұрақты тарқатып, мысал арқылы қайта бағыттау сұрағын қойдым.Ал қай оқушым сабаққа белсене қатыстып немесе қай оқушы үй тапсырмасына дайын емес, толық түсінбеген өзім бақылап тұрдым. Алдағы тапсырмаларда осы оқушыларды сабаққа көбірек тартуға әрекет жасадым. Бұл тапсырманың нәнижесінде есте сақтау қабілеті дамыды..
Оқушыларды топқа бөлуде адам ағзасындағы (бауыр, өкпе, жүрек, ми) мүшелердің суреттер арқылы бөлдім. Әр топ өздерінің топтарынан топ басшы сайлады. Топ ережесін еске түсіріп, барлығы топ ережесіне және топ басшыға бағынатынын айтты. Топқа бөлу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын аштық.
2. Түсіну кезеңі: Оқушыларға жаңа сабақты «Ой қозғау»әдісімен сыни тұрғыдан ойлату мақсатында «Оқытудағы ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану» арқылы интерактивті тақтадан сөз жұмбақ қою арқылы жаңа сабақ тақырыбын аштым.Оқушылар «қалқанша» жауапты шығарады, топпен талқылап, бір – бірінің ой-пікірлерімен санаса білді. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушылардың қaбылдауын жылдaмдататын, түсінулерін жеңілдететін, мұғaлімнің сaбақ өтуіне көмектесетін бүгінгі күнде аса маңызды құрал болып тұр. «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін осы тапсырмада қолдандым. Сөйтіп жаңа сабақтың тақырыбын«Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі» екенін анықтап алдық. Сабақтың барысында топтарға: бірінші «Бауыр» тобынатироксин гормонының құрамында не болады?Екінші «Жүрек»тобына Қалқанша безі ересек адамдарда салмағы шамамен қанша грам? Ал үшінші «Өкпе» тобынанеше жастан әрі қарай қалқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейді? және төртінші «Ми» тобына жаңа туылған балалардың қалқанша безінің салмағы қанша? деген сұрақтар қойдым, сонымен бірге ойларын дәлелдеу үшін плакат пен маркерлер бердім. Осы кезде байқағаным топ мүшелері жан-жақты ойланып, өз бетінше ізденіп, жақсы пікірлер айтып, бір-біріне үйретті. Әрине барлық оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланбаған. Мен топ мүшелеріне неге бұлай ойлайсыңдар? Не себепті? Мысал келтіре аласыңдар ма? Қалқанша безінің қызметі қандай? деген сияқты «түрткі болуға» арналған сұрақтар арқылы дұры сойлай алатындығын, көрсете алды. Сол арқылы ойларын топтап, түсінді, топтан көшбасшы оқушылар шығып қорғады. Бұл тапсырманың нәтижесінде оқушылар сыни тұрғыда ойлып, сұрақ- жауап арқылы талдау жасады, аурулардың түрлерін өмірмен байланыстырып мысал келтірді.
1-сурет. Постер қорғауда.
3. Қолдaну кeзeңі: Оқушыларға «Жас ерекшеліктеріне сәйкес» тапсырма бердім. Бұл «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы көп нүктенің орнына тиісті сөйлемді қою.
1. Ағзада зат алмасу ........... деген бәсеңдейді, әсіресе .......... бұзылады. 2. Терінің астына .......... , тері құрғап, дене ісінеді. 3. .................... төмендейді. 4. жүрек .................. баяулайды. 5. қозғалысы бәсеңдеп,...............нашарлайды,шашы түсіп сирейді.
Тапсырманың дұрыс орындалуын қадағаланған кезде қателіктер жол берді , кейбір топтардың жауаптары дұрыс болды. Олардың жауаптарын қабылдап, бағыт-бағдар бердім. Мұндай кедергіде оқушылар «Жақын арадағы даму аймағында» бірлесіп жұмыс істеді. ЖАДА оқушылардың оқуын және қарым-қатынасын қолдау үшін қажетті көмек. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 25- бет ) Ортақ шешімге келіп, негізгі деп тапқан мәліметтерді, топтың ішінен дарынды, талантты балалар дәлелдеп, түсіндіріп берді. Әр тапсырманы дер кезінде бағалау парағы арқылы бағалап отырдық.
2-сурет. Оқулық жұмысын талдауда.
Сергіту сәтін өткізу үшін «Оқытудағы ақпараттық–коммуникациялық технологияларды пайдалану» модулін қолдай отырып, интерактивті тақтадан бейнероликтегі «Көңілді күн» әніне билеп, жаттығып, алдық. Оқушыларға сергіту жаттығуы ұнады. Сергіп алып сабағымызды одан әрі жалғастырдық.
4. Талдау кезеңі: Одан әрі білімдерін дамыту үшін «Ойлан, бірік, бөліс» әдісін қолдандым. Ол үшін оқушыларға суреттердің қиындысын бердім және сол бойынша тапсырмалар бердім. Олар суреттерді құрастырып, төмендегі тапсырманы орындады. Яғни бес саусақ әдісі арқылы оқушыларға тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруызбен май) қатысатыны жаңалық болғандығын, ағзаның өсуі мен дамуын түсінгендігін және де жүйке жүйесімен жүрек жұмысының қозуын артыратының оқушылар түсінбеді. Осыған байланысты топ болып жұмысты талдап, талқылады. Бірінші «Бауыр» тобы қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секретция бездерінің ішіндегі ең ірісі екен айтты. Екінші «Жүрек» тобы Қалқанша без алдыңғы жағында орналасатынынің суреттер арқылы дәлелдеді. Қалқанша безінің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқуларды түсіндіріп, тақылады. Үшінші «Өкпе» тобы ауруды емдеп жазу үшін қалқанша бездің кішігене бөлігін кесіп алып тастайтынын, жеке жасушаларын жою үшін рентген сәулесімен де емдейтінін айтты. Төртші «Ми» тобы тироксин – гормонның түзілуімен бөлінуімен гифопиздің алдынғы бөлігінен бөлінетін гормондарды реттейтінің айтты. Әр топтан талатты және дарынды оқушылар венн диограммасы арқылы талдады.
Мен оқушыларыма алғысымды білдірдім. Себебі бұндай жауап күтпеген едім. Осы кезде «Ақыл жастан»-деген сөз ойыма оралды.Осы тапсырмалaрды орындату барысында мeнің көзім жeткені оқушылар әр түрлі жұмыстар мен тапсырмалар орындау арқылы жаңа тәсілдерге бейімделе бастағанын байқaдым. Өйткeні жаңа тәсілдeрді пайдалaна отырып, сабaққа қатысты тапсырмалар бергeнде олардың тапсырманы қызығушылықпен әрі сaпалы, орындауға тырысқaны көрініп тұрды.Тапсырманың дұрыс орындалғанын қадағалап отырдым. Тапсырма орындау арқылы ойлау қабілеті,тіл байлығы дамыды, талантты және дарынды оқушылар анықталды.
5. Жинақтау кезеңі: Алған білімдерін жинақтау мақсатында «Кім жүйрік?» әдісін қолдандым. Бұл жерде бірінші «Бауыр» тобы микседеманының ауру белгілерін айытып өтті. Ауру белгілері : ағзада зат алмасу 30 – 40 пайызға дейін басендейді, әсіресе, нәруыз алмасу бұзылады.
Екінші терінің астында су жиылады, тері құрғап, дене ісінеді. Үшінші дене температурасы төмендейді. Төртінші жүрек соғысы баяулайды. Бесінші қозғалысы бәсендеп ойлай қабілеті нашарлайды, шашы түсіп сейрейді.
Екінші «Жүрек» тобы іспебұғақ ауруларын белгілері айтып өтті. Қалқанша бездің ұлпалары өсіп, ұлғайып, салмағы бір келегарммаға дейін жетеді, сондық тан алқым ісуі деп атайды. Бұл ауруды емдей және болдырмау үшін астұзына (100 кг астұзына 2,5 грам йодты, кали тұзы) қосады. Балабақша мен мектептерде дәрі береді. Дәрінің бір тұйірінің құрамында 1 мг йодты кали бар.
Үшінші топ «Өкпе» кретизнизм ауруын талдады. Бұл жас балаларда қалқанша бездің гормоны жетіспесе бойы өспей, жыныстық жетілуі тоқтатылады. Ми сыңарлары қыртысының жұмысы бұзылып, ақыл есі кем болады. Ауру асқынбаса емдеп жазуға болады.
Төртінші топ «Ми» Базедов ауруларын зерттейді. Қалқанша безден гормон көп бөлінсе, дене де зат алмасу қүшейді, жүрек соғу жейлейді, қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады. Тамақты көп ішкенімен салмақ қоспай, керісінше арықтайды.Тез ашуланады және терлегіш болады. Көздері бадырайып, шарасынан алға қарап шығып тұрады
Бұл тапсырмада оқушылардың есте сақтау қабілеті,тіл байлығы, ойлау қабілеттері дамыды деп ойлаймын. Тапсырманың дұрыс орындалғанын қадағалап отырдым.
4-сурет. «Кім жылдам?» әдісін орындауда.
6. Бағалау кезеңі: Енді осы сабақты оқушылар қалай меңгергенін бақылау үшін мен «ББҮ» әдісі бойынша кері байланыс ұйымдастырдым. Оқушыларға стикер тараттым. Әр тапсырманы бағалау парағына топбасшылар бағалап отырды, топ мүшелері келісіпотырды. Және кері байланысалу үшінстикерлерді толтырды «ББҮ» плакатына жапсырды.Оқушыларға кері байланыс орнату және өзін-өзі бағалатуарқылы мен «Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау» модулін қолдандым.
5-сурет. Кері байланыс жасауда.
Үлгерімі төмен, сабаққа көп қатыспай тыныш отыратын оқушыларым Т және Д есімді оқушыларымның пәнге деген қызығушылықтары оянды. Өйткені топтық жұмыс кезінде осы оқушылар сабаққа қалай қатысып, белсенділік танытқандарын өздері де байқамай қалады. Дарынды оқушыларым А , Ұ,О есімді оқушыларым сабақта, берілген тапсырмаларды тез әрі ықыласпен орындап, сабаққа белсене қатысты. Қойған сұрақтарға да дәлелдер мен жауап беріп, өз топтарын алға жетелеп отырды. Кері байланыс жасау арқылы оқушылардың сабақ туралы ой пікірлері «бүгін мен сабақтан үйренгенім көп болды, енді мен бұдан да көп нәрсе үйренгім келеді» деген сияқты пікірлер жазған. Оқушыларды топпен жұмыс жасай білуге, өз ойын анық, сенімді еркін жеткізуге, бір – бірін құрметтеп, топты бағалай білуге «Ой- қозғау», «Өрмекші торы», «Кім жүйрік?», «Ойлан, бірік, бөліс!» әдістерімен тақырыпқа кері байланыстар орнату арқылы үйрете білдім деп ойлаймын.
Нәтижесі:
- қызығушылығы артты.
- бір-бірін тыңдады,
- ойлау,есте сақтау қабілеті дамыды,
- өзіндік пікірі қалыптасты,
- татулықта жұмыс жасады.
Сабақтарымда жеті модульді кіріктіре отырып сабақ өтсем, ой-пікірін еркін айта алатын, өзіне сенімді, белсенді, сыни тұрғыдан ойлай алатын, жеке тұлға қалыптасады деп ойлаймын.