Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 23 минут бұрын)
Динара Сәтжанның Баян Алагөзоваға қойған сұрағы жұрттың ашуын тудырды

Тележүргізуші Динара Сәтжанның бағдарламасындағы сұхбат желіде қызу талқыға түсті. Ол өзінің жақын досы, актриса Баян Алагөзова мен оның жұбайы Тұрсын Алагөзовке қойған сұрағымен көпшіліктің наразылығын тудырды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сұхбат барысында Динара Сәтжан, Баян Алагөзованың кинодағы сүйіскен кадрларына күйеуінің қалай қарайтынын сұрады. «Әйеліңіздің кинодағы сүйіскен кадрына қалай қарайсыз? Бұл бірден түсірілген кадрлар емес, бірнеше рет қайталанған. Қызғанбайсыз ба?» деген сұрақ қойды.

Баян Алагөзова бұл сұраққа: «Сүйісу 2 дубль ғана түсіріледі. Мен бірінші дубльден-ақ алып шығамын. Жалпы саны 4-5 рет сүйісу болды», деп жауап берді. Тұрсын Алагөзов те бұл сұраққа әзілмен жауап қайтарды.

Желі қолданушыларының наразылығы

Алайда, бұл сұхбаттың бұл тұсы көпшілікке ұнамай, желіде түрлі пікірлер қалды. Көпшілік Динара Сәтжанның сұрағын «ерсі» деп атап, оның журналистік этикаға сай келмейтінін айтты. Кейбір пікірлерде «Көре алмай отыр ғой», «Журналисттік этика қайда?», «Көре алмайтыны көрініп тұр» деген сияқты сөздер айтылды.

Жаңалықтар

Жарнама