- 26 сәу. 2015 00:00
- 209
Еділдің сағасында
1.
Араладым біраз күн
Еділдің саға өлкесін.
Қазақты көрдім қуарған
Жүк тасып, тескен желкесін.
Балық аулап бозарып,
Жайлау қылған көл төсін.
Селеңдейтін селеңге
Мұжықтың аңдып бөлкесін.
Сөз сөйлесе, сабайтын
Орыстың «совсем...» «толькосін...
Ойланбаса, мынау күй
Келтірер кімнің күлкісін?!
2.
Салалы сонау сағада
Біраз ел бар Байұлы.
Жорғасы мен жүйрігі -
Қалтылдаған қайғы.
Құрық салған құлыны -
Тулатып шанышқан жайыны.
Қалағыңдай қайықтың
Сіріңке қара зайыбы!
Қара су, балық - қорегі,
Жоқтықтан жоқ-ау айыбы.
Бұл күйге түспей, құтылар
Қазағыңның қай ұлы?!
3.
Ауылға жеттік қайықпен
Көкжиекке күн бата.
Бір лашықтың тұсына
Тұра қалдық үн қата.
«Қош келдің!»- деп қарсы алды
Ақ сақалды бір ата.
Бес бекіресін секіртіп,
Алып кеп, деді: «Ақ бата!»
Бекіресін жеп шүкір ғып,
Біз де жаттық ай бата.
Ай бата деген жай бір сөз,
Жанға бір ауыр ой бата!
4.
Бір ауыл беріш ішінде ек
Қонған өзен бойына.
Күн шықты, құрбан мейрамы
Басталды құрбан сойыла.
Біраздан біткен бозбала
Тойып ап құрбан қойына,
Шөмеледей шаштары,
Күйектей кесет мойында,
Дүркіресіп жөнелді
Селенге - Сергей тойына...
Еліңнің жайы осылай,
Келе ме еш зат ойыңа?
5.
Бағлан жейтін қарт, мейлі,
Балық жеп кірсін көріне.
Аллашыл, айтшыл молдасы
Шықсын-ақ жұмақ төріне.
Қалада жүрген інішек,
Қайыс буған беліне -
Көз қырыңды сала көр
Қазақтың қыршын төліне.
Мақсатың болса шерлі елді
Шығару өмір өріне,
Қаш қаладан, қарағым,
Еліңе қайт, еліңе!
Араладым біраз күн
Еділдің саға өлкесін.
Қазақты көрдім қуарған
Жүк тасып, тескен желкесін.
Балық аулап бозарып,
Жайлау қылған көл төсін.
Селеңдейтін селеңге
Мұжықтың аңдып бөлкесін.
Сөз сөйлесе, сабайтын
Орыстың «совсем...» «толькосін...
Ойланбаса, мынау күй
Келтірер кімнің күлкісін?!
2.
Салалы сонау сағада
Біраз ел бар Байұлы.
Жорғасы мен жүйрігі -
Қалтылдаған қайғы.
Құрық салған құлыны -
Тулатып шанышқан жайыны.
Қалағыңдай қайықтың
Сіріңке қара зайыбы!
Қара су, балық - қорегі,
Жоқтықтан жоқ-ау айыбы.
Бұл күйге түспей, құтылар
Қазағыңның қай ұлы?!
3.
Ауылға жеттік қайықпен
Көкжиекке күн бата.
Бір лашықтың тұсына
Тұра қалдық үн қата.
«Қош келдің!»- деп қарсы алды
Ақ сақалды бір ата.
Бес бекіресін секіртіп,
Алып кеп, деді: «Ақ бата!»
Бекіресін жеп шүкір ғып,
Біз де жаттық ай бата.
Ай бата деген жай бір сөз,
Жанға бір ауыр ой бата!
4.
Бір ауыл беріш ішінде ек
Қонған өзен бойына.
Күн шықты, құрбан мейрамы
Басталды құрбан сойыла.
Біраздан біткен бозбала
Тойып ап құрбан қойына,
Шөмеледей шаштары,
Күйектей кесет мойында,
Дүркіресіп жөнелді
Селенге - Сергей тойына...
Еліңнің жайы осылай,
Келе ме еш зат ойыңа?
5.
Бағлан жейтін қарт, мейлі,
Балық жеп кірсін көріне.
Аллашыл, айтшыл молдасы
Шықсын-ақ жұмақ төріне.
Қалада жүрген інішек,
Қайыс буған беліне -
Көз қырыңды сала көр
Қазақтың қыршын төліне.
Мақсатың болса шерлі елді
Шығару өмір өріне,
Қаш қаладан, қарағым,
Еліңе қайт, еліңе!