Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Эпостық жырлар

Түркі мәдениетінің, одан бері қазақ мәдениетінің керемет құнды дүниелерінің бірі — эпостық жырлар. Ә. Марғұлан қазақ эпосын мынадай кезеңдерге бөлген: 1)Архаикалық кезең. Ол — исламшылдыққа дейінгі түркі мифтері негізінде жасалған туындылар. Оған Күлтегін жоқтауы, Құламерген, Шоламерген, Ер Төстік, Ақ Көбек, Оғыз қаған туралы аңыздар жатады; 2) Оғыз-қыпшақ дәуірі (VI—XII ғғ.). Бұл кезде жергілікті түркілер Қытай, Иран, Византия, Араб шапқыншыларына қарсы күресті жырлаған. Мысалы, «Қорқыт ата кітабы», «Алдар көсе», «ҚозыКөрпеш — Баянсұлу», т.б.; 3) Ногайлы дэуірі (XIII— XVIғғ.) — «Бөгенбатыр», «Едігебатыр», «Қобыланды», «Ер Сайын», «Қамбарбатыр», «Мұсахан», «Орақбатыр», т.б.; 4) Қалмақ шабуылы дэуірі — XVII—XVIII ғасырлардағы «құба қалмақ» заманы. «Олжабай», «Қабанбай», «Бөгенбай», т.б.; 5) Кейінгі дэуір. Қазақ батырларының хан, сұлтандарға, патша әкімдеріне қарсы күресін бейнелейтін жырлар.

Фольклорлың шығармалар — тарихымызды зерттеудегі құнды деректің бірі. Жалпы қандай да болсын, фольклорлық шығарманың негізінде өмір шындығы бейнеленеді. Әрине, архаикалық фольклордан тарих іздеу қиын. Дегенмен де көне мифтік аңыз-әңгімелерден халықтық дүниетанымын, кейбір көне әдет-ғұрыптарының іздерін көруге болады. Ал түркі дәуірінен бергі фольклорлың шығармалардан сол замандағы тарихи-этнографиялық болмыстың елесін, жаңғырығын таба аламыз. Ал ноғайлы дәуірінен бергі замандағы фольклорлың шығармалардың ішінен тарихта болған оқиғаларға арналған, тарихи түлғаларға арналған жырларды фольклоршылар жеке жанрға — тарихи жырлар деп бөліп қарастырады. Тарихы көбінесе ел жадында ауызша сақталып келген көшпелі қазақтар үшін осы тарихи жырлардың деректемелік орны бөлек. Дегенмен де фольклорлық шығармаларға дерек ретінде сүйенгенде, онда әсірелеудің, тарихи тұлғаларға типтік образдың портрет берілетіндігін ескеру қажет. Жыр-да тарихи нақтылы құбылыстар дәлме-дәл қайталанбайды.

«Алпамыс» жыры — көшпелі түркі халықтарына ортақ эпостық шығарма. Белгілі фольклортанушы В.М.Жирмунский оның ең көне нұсқасын VI—VIII ғасыр-ларға жатқызады. Алпамыстың бұдан кейінгі таралуы IX—X ғасырларға — оғыз, қыпшақ замандарына сай келеді. Алпамыс классикалық қаһармандық шығарма ретінде осыдан кейінгі кезеңде, қоңыраттар арасында көркемделіп жетілген деп есептеледі. Көне эпостық шығармаға қазақтың «Құламерген, Жоя-мерген» жыры жатады. Жырда Хазар (Каспий) теңізі, Орал тауы, Болгар шаһары аталады. Қазақтың эпостың жырларының ішінде оқиғалы жағынан ең көнесінің бірі — «Мұңлық — Зарлық». Бұл шығармада да мифтік, ертегілік, аңыздың сюжеттер басым.

Батырлар жыры. Қазақ халқының көне эпостық жыр-ларына батырлар жыры жатады. Батырлық эпос халықтың сан ғасырлар бастан кешкен тарихын, елін, жерін қорғауды дәріптейді. Бұл жырлар белгілі тарихи оқиғалардың дәлме-дәл көшірмесі болмағанымен, сол заманның тыныс-тіршілігін, жалпы тарихи болмысын аңғартады. Белгілі бір соғыстың немесе тартыстың ауқымында қалу, соны тарихи дәлдікпен суреттеу эпосқа тән емес. Эпос өмірде болған оқиғалардың санын да, ретін де қуаламайды. Қазақтың қаһармандық эпосының ең жарқын үлгілеріне «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Таргын», «Қамбар батыр» жатады. Ел жадындабатырлық, күштілік атаулының бәрі сақтала бермейді. Рулар арасындағы әдеттегі талас немесе көрші халықтарға жасалған әділетсіз шабуыл халықтың эпостың жырларында дәріптелмейді. Елін, жерін қоргауга, халықты басқа жұрттың езгісінен азат етуге жұмсалган батырлық қана ерекше ілтипатқа бөленіп, ел жадында қалады. Қобыланды — қыпшақ елінің, Алпамыс — қоңырат жұртының,  Ер Тарғын — бүкіл ноғайлы елінің намысын қорғаған батырлар. Бір кезде бүгінгі қазақ, ноғай, қарақалпақ ноғайлы елі деген жалпы атпен белгілі болған. Батырлық жырларындағы қазақтың негізгі жаулары — қызылбастар, қалмақтар. Қызылбастар — түркі жұрттары сонау ерте заманнан қақтығысып келген Орталық Азияның оңтүстік-батысындағы иран тектес халықтар да, қалмақтар — жоңғар-моңғол тектес халық. Мұрын жыраудан жазылып алынған жырларда ғана бір ындыс деп аталатын жұрт тарихта нақты белгісіз, индус болуы мүмкін. Өйткені Қушан, Моғолстан заманында түркілер үнділермен де қақтығысқан болуы мүмкін.

Қазақтың «Қарасай — Қази», «Шора батыр», «Қырымның қырық батыры», т.б. эпостанушылардың пікіріне қарағанда, ноғайлы елінің ыдырап, жеке-жеке жұртқа бөлінген дәуірінде (XV ғасырдың соңы) туған жырлар.

Әлеуметтік-тұрмыс эпосы. Қазақтың эпостық мұрасының қомақты бір бөлігі — длеуметтік-тұрмыс эпосы, оны кейде лиро-эпостық поэмалар дейді. Бұл шығармаларда ерлік, батырлық, ел қорғау мақсаты емес, жекебастың мүддесі — махаббат еркіндігі мәселесі алға шығады. Кезеңдік дамуы жағынан алып қарағанда, ғашықтық жырлар — архаикалық, қаһармандық эпостан кейін туындаған шығармалар. Фольклортанушылардың пікірінше, лиро-эпостық мұра — көне эпостан жазбаша романга өтер жолдағы аралық саты, аралық деңгей.

Соңғы кезге дейін қазақтың лиро-эпосы ретінде «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан» секілді санаулы жырлар ғана ауызға ілініп келген. Соңғы жылдары мұндай шығармалар қатарына қазақ халқына кең тараған, түп-төркіні Шығыс елдерінен келсе де, қазаққа төл туындысындай етене жақын болып кеткен бір топ ғашықтық жырларды да жатқызып жүр. Олар: «Жүсіп — Зылиха», «Ләйлі — Мәжнүн», «Құсрау — Шырын», «Сейфілмділік», «Таһир — Зухра», «Бозжігіт», т.б. Лиро-эпостың жырлардан, әсіресе тіні қазақ топырағында қалыптасқан жырлардан халықтың әдет-ғұрып, салт-санасы туралы ұшан-теңіз мәлімет алуға болады. Әлі де болса тарихшы-этнографтар халқымыздың өмір салтының, әдет-ғұрыптарының осы бір деректерін толық пайдалана алмай келеді.

Тарихи жырлар. Қазақ фольклорының тағы бір қомақты бөлігін тарихи жырлар құрайды. Тарихи жырларда кейде оқиғалар жазба тарих сарынына сәйкес баяндал-са, екінші бір түста қиялдау, көркемдік жинақтау түрінде беріледі.

Түркі халықтарына ортақ ноғайлы заманының тарихи жырларына Едіге батыр жайындағы жыр, аңыздар жатады. Бұл жыр қазақ, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, татар, көшпелі өзбектер, алтайлықтарда сақталған. Сәкен Сейфуллиннің сөзімен айтқанда: «Қоспа ертектерін, жапсырма «кереметтерін» былай алып тастағанда, қазақтың ескі ел әдебиетіндегі бұл Едіге батыр әңгімесінен Алтын Орда іріп-шіри бастаған кездегі заманның оқиғаларына меңзейтін бірсыпыра жайттар көрінеді». Едігенің ұрпақтары саналатын Орақ, Мамай, Қарасай, Қази жайындағы жырлар, «Шора батыр», «Ер Сайын» тарихта болған ноғайлы елі тұлғаларына арналған жырлар.

Қазақтың тарихи өлеңдерінің қалың жұртқа белгілісінің бірі — «Елім-ай» өлеңі. Белгілі фольклортанушы Рахманқұл Бердібайдың: «Бір замандағы ел басына душар болған ңайғылы оңиғаның елесіндей бұл шығарма тек көркем мұра ғана емес, саяси ңұжаттың орнына да жүргендей», — дейді. Бұл мұңлы өлең — 1723 жылы жоңғарлар шапқыншылығынан қойдай қырылып, бөкендей ауған қазақтың «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманының тарихи шығармасы. Зерттеушілер бұл өлең ұзақ жырдың ел аузында сақталып ңалған үзіндісі деп есептейді. Осы жырдың тобықты Топыш ақын айтқан екен деген нұсқасы 86 жолдан тұрады. Жырда қазақ елінің кіндік жері ретінде Қаратаудың аталуы тегін емес, өйткені ХУғасырдан бері «ңазаң» деген атпен ңұралған халыңтың әкімшілік, мәдени, діни орталығы Қаратау, Түркістан болғаны белгілі.

XVII ғасырдың соңында, яғни «Ақтабан шұбырындыдан» бұрын жоңғарлар қазақ жеріне бірнеше жорық жасаған. Ол шабуылдарға тойтарыс берген қазақ қолдарын басқарған Төле би, Жәнібек, Қасым, Әбілмәмбет сияқты ел билері мен хандарының ерлігі баяндалатын жырлар әлі Қазақ әдебиеті қолжазбалары қорында зерттеушілерін күтіп жатыр.

XVIII ғасырдағы тарихи жырларға Абылайға арналған жырлар, «Қабанбай батыр», «Бөгенбай», «Шақшақұлы ер Жәнібек», «Олжабай батыр», «Сырым батыр», «Арқалың батыр», т.б. жатады. Бұл жырларда, негізінен алғанда, қазақ батырларының жоңғарларға қарсы күресіндегі ерлік жолы баяндалады. Бүл жырларда жыр арналған батырлардан басңа батырлар туралы да деректер кездеседі.

XIX  ғасырдың тарихи оңиғаларын суреттейтін жырлар да мол. Оның ішінде Кенесары—Наурызбай бастаған халықтың қозғалысңа арналғандары — «Қиса Наурызбай төре», «Кенесары — Наурызбай дастаны», «Кенесары поэмасы». «Қиса Наурызбай төрені» Жүсіпбек Шайхисламұлы, «Кенесары—Наурызбай» дастанын Хан Кененің жорықтарына қатысқан, барлық оқиғалардың куәсі болған Нысанбай жырау шығарған. Кенесарыға арналған, оның ерлік жолын дәріптеген, көбіне авторлары белгісіз жоңтау, мақтау өлеңдері де аз емес.

XIX ғасырдың тарихи өлеңдеріне «Исатай—Махамбет», «Бекет батыр», «Жанқожа», «Досан батыр», «Еңлік—Кебек», «Қалңаман—Мамыр», «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» жырларын жатқызуға болады.

Ығылман Шөрековтің «Исатай—Махамбет» атты шығармасында Жәңгір хан мен Исатай, Махамбеттің арасындағы күрес, 1836—1838 жылдардағы Кіші жүздегі халық қозғалысының тарихы баяндалса, «Жанңожа батыр» жырында қазақтардың Хиуа хандығы мен Ресей отаршылдарына ңарсы күресі, «Бекет батыр», «Досан ба-тыр» жырларында Маңғыстау өңіріндегі осы аттас батыр-лардың тарихи ерліктері жырланған. Бұл жырларда тарихи шындьщ эпостық әсірелеумен астасып, араласып отырады.

XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей империясының отарлық езгісіне ңарсы Есет Көтібаровтың, Жанқожа Нұрмағанбетовтің, Досан Тәжиевтің көтерілістері жаншылып, отарлық саясат әбден күшейген кезде Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Нарманбет, Әбубәкір Кердері, т.б. өлеңдері тым мұңды, тым күйрек сарындағы шығармалар еді. Шортанбай бастаған бұл аңындарды кезінде «Зар заман аңындары» деп кінәладың та, шындығында, бұлар заманғаңатты наразы, қазақтың, елдің, жердің, діннің болашағын ойлап күйзелген аңындар еді. Мысалы, Мұрат аңын:

Еділді тартып алғаны — Етекке ңолды салғаны. Жайықты тартып алғаны — Жағаға қолды салғаны, —

десе, Шортанбай:

Еділді алды, елді алды,

Есілді алды, жерді алды,

Енді алмаған не қалды? — дейді.

Кезінде Сүйінбай Аронұлы, одан соң Жамбыл Жабаев жырлаған «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» жырлары Жетісу жерінен шыққан XVIII ғасырда Жоңғар шапқыншылығына, XIX ғасырдың ортасында Қоқан басқыншыларына қарсы күрескен батырлар жөніндегі эпостық өлең шежіре.

1916 жылғы ұлт-азаттың көтерілісі жөнінде сол көтерілістерді көзбен көрген Омар Шипиннің, Кенен Әзірбаевтың, Есдәулет Кәндековтің, Сәт Есенбаевтың, Жамбыл Жабаевтың өлең-жырлары тарихи деректердің бір бөлігін құрайды.

Сонымен көне мифтер, аңыз-әңгімелер, эпостық жырлар, тарихи жыр-өлеңдер — мұның бәрі де қазақтың тек әдеби туындылары ғана емес, әрқайсысында еліміздің тарихының табы, бедері бар тарихи деректер, тарихи қайнар-бұлақтар деп қарастырған жөн. Бұл мәселелерді белгілі әдебиетші-фольклоршыларымыз қарастырған.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама