- 11 мау. 2020 00:00
- 210
Ер Тарғын туралы аңыз
Ер Тарғынның әкесі жарлы, қара кедей Қарсы деген кісі екен. Сол кісінің тек малдан тауығы болыпты. Тауығының жұмыртқасымен күнелтіпті. Сол кезде жұрт ханға сыйлық апарады екен. Бұ да тауығының екі-үш күнгі жұмыртқасын жинап, ханға сыйға тартпақ болады. Сөйтіп бара жатса, алдында өткізетін адамдар бар екен, олар жібермепті. Бірақ бұл қалайда еріксізден өтеді. Ханға барады. Хан: «өзінің тапқаны ғой» деп қарсы алады. Және оған алтын береді. Сонымен қайтады. Ол уақытта өзі қартайған уақыты екен. Баласы жоқ екен. Содан бала тілеп, біреуге Құран аштырса, ол: «Сен пәлен жердегі әулиеге түне. Сол жер бала береді», — дейді. Барып түнейді. Түнде түс көреді. Қолына бір қара бүркіт қонады. Бауынан ұстап турады. Керемет алғыр болыпты. Ол бір уақытта үш рет талпынып, қолынан шығыпты да кетіпті дейді. Оянса, түсі. Ауылға келіп, бал аштырған кезінде жорытыпты: «Саған бір бала береді екен. ол батыр болады. Бірақ ол үш рет жауласып жеңеді де, артынан ел-жұртыңа қарсы болып, қолыңнан кетеді екен», — депті. Сонымен бір бала болып, аты Ер Тарғын болыпты. Содан ол үш жермен жауласып жеңіп, содан кетеді.