Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ерлік пен елдік - Махамбет ұраны
Ерлік пен елдік - Махамбет ұраны
Қиын да сұлу тағдыр десек те болмай ма, Махамбеттің тағдырын!? Оның есімін атағаннан - ақ жүзі жалпылдаған, көз жанары өңменіңнен өтетін, сөйлеген сөзі өткір, өлең мен оттан өрілген іспетті жарқын бейне көз алдымызға келмей ме?
Үстінде бадана көзді сауыты, басында батырлар киер дулығасы, "ер қаруы - бес қару" түгел батыр сар даламен арғымағын құйғыта келе жатқандай! Батыр боп шынықтырған да осы сар даласы!
Еділ мен Жайық арасын мекендеген Бөкей хандығында Нарын құмында Бекетай деген жерде дүниеге келген болашақ көтерілісші, жалынды ақынның атасы Құлмәлінің батырлық, билігі, шешендігі шартарапқа тараса керек. Дауылды жылдардың жалынды жыршысы Махамбет Құлмәлінің Өтемісінен туған.
Өзі бір өлеңінде:
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік, - дейді.
Хан тұқымын қараға теңестірген от ауызды, орақ тілді Махамбет тумысынан батыл болатын. Өзін мақтап өлең айтқызуға тырысқан хан беделін "Хан емессің, қасқырсың" өлеңінде төмендетуге жігері жеткен батыл азамат еді.
Махамбет Исатай ағасына қосшы бола жүріп, үстем тап өкілдерінің бұқараға жасаған қиянатын беттеріне басты. Жәңгір ханмен араздық қарулы көтеріліске ұласып, тарихтың парақтарын толтырды.
Махамбет жылаулар мұрасын мол білген екен. Өз өлеңдері де телегей - теңіз көп болған деседі. Ата жыраудан бала жырауға жетіп, халық санасында сақталып бізге жеткендері ақынның көтеріліс туралы өлеңдері. Ерлік пен елдікті ту еткен ақын - көтерілістің жалынды жыршысы бола білді. Ол әр уақытта жалтармады, тайқымады, үрейленбеді, өйткені онда өлім мен бейнеттен сескенбейтін жалынды жүрек бар еді.
Жайықтың бойы көк шалғын -
Күзерміз де жайлармыз.
Күлесті сынды күреңді,
Күдірейтіп күнде байлармыз.
Құдай істі оңдаса,
Ісім жөнге келгенде,
Қамалаған көп дұшпан
Әлі де болса қойдай қылып айдармыз,

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама