Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 39 минут бұрын)
Есепші ойынқұмарлыққа салынды: 100 миллион теңгеден астам қаржыны құмар ойынға және жаңа көлікке жұмсады

Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік мекеменің есепшісі ойынқұмарлыққа салынғандықтан, 118 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлап, оның бір бөлігіне жаңа көлік сатып алған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпорын қызметкері ақшаны «1XBet» букмекерлік кеңсесіндегі құмар ойындарына жұмсаған. Жалпы мемлекетке келтірілген шығын 118 миллион теңгеге жеткен.

Қылмыстық іс қозғалды

Бұл дерек бойынша, бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде заңсыз иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу изоляторына тоғытылды. Ол сатып алған көлікке де тыйым салынды.

Прокуратура органдары 2025 жылы аймақта 16 мемлекеттік қызметкердің құмар ойындарға қатысқаны үшін жұмыстан босатылғанын еске салды.

Жаңалықтар

Жарнама