Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
ЕҰУ QS World University Rankings-те үздік ЖОО-лар қатарында

8 наурыз күні QS World University Rankings by Subject жыл сайынғы рейтингінің нәтижесі жарияланды. Бұл пәндік рейтингте Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Физика» бойынша аталмыш бағыт жүзеге асырылатын 1 110 ЖОО қатарынан көрінді.

Бағыттарды бағалау академиялық сарапшылар мен жұмыс берушілерді сауалнамалау нәтижесі, дәйексөз алу мен Хирш индексі негізінде жүзеге асырылды.

Биыл рейтингте ЕҰУ алғаш рет білім беру саласы бойынша 6 бағытты қамтыды: «Физика және астрономия», «Өнер және дизайн», «Математика», «Экономика және эконометрия», «Қонақ үй менеджменті», «Әлеуметтік саясат және басқару».

Атап өтетін жайт, қазақстандық ЖОО-лар арасында QS World University Rankings by Subject  нұсқасы бойынша Еуразия ұлттық университеті «Физика», «Өнер және дизайн», «Математика», «Қонақ үй менеджменті (Туризм)» бағыттары алғашқы орынға ие болды. «Экономика және эконометрия» ІІ орынға табан тіреді. Сонымен қатар «Физикадан» басқа 2017 жылы QS World University Rankings by Subject рейтингісіне енгізу мен саралау үшін көрсетілген бағыттардың шектік балы жеткіліксіз болды.

«Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлемдік білім беру кеңістігінде университетті алға жылжыту бойынша мақсатты түрде жұмыс істеуде. Білім ордамыздың «Физика» бағытының үздіктердің қатарына қосылғандығының өзі бір жетістік, демек, Қазақстан ЖОО-лары бәсекеге қабілетті физик мамандарын даярлайды деген сөз. Дәл осындай міндет Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің басқа да бағыттарының алдында тұр. Сондықтан біз әлемдік нарықта сапа мен мамандарымыздың беделін арттыру мақсатында әлемдік рейтингтік агенттіктерде үздіктердің қатарынан көрінуге барынша талпынып, өзге де салаларды кеңінен қамтуға бар күш-жігерімізді салатын боламыз», - деп атап өтті Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов.

Жалпы QS әлемнің 4 438 ЖОО-сында 46 бағытты қарастырды. Оның ішінде әр түрлі білім беру саласы бойынша рейтингке тек 1 117 ЖОО енген.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама