Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ғани Мұратбаевтың 110 мерей тойына арналған «Ғани ерлігі - өшпес өнеге» атты  ғылыми-практикалық конференцияның бағдарламасы
Ғани Мұратбаевтың 110 мерей тойына арналған «Ғани ерлігі - өшпес өнеге» атты ғылыми-практикалық конференцияның бағдарламасы
(Сахна сыртында күй ойналады) Сахнада Н.Аманжолов «Мен Ғанимын» монологы.
1-жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді қонақтар!
2 –жүргізуші:
Армысыздар ұстаздар!

1 –жүргізуші:
Армысыңдар,бүгінгі айтулы күннің куәсі болар,жас ұрпақ!
Өздеріңізге белгілі Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, Шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес әлемге белгілі.
2 –жүргізуші:
Ендеше ұлы кемеңгер, ағартушы Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектепке «Ғани ерлігі - өшпес өнеге» атты ғылыми-практикалық конференцияға қош келдіңіздер!
1 –жүргізуші:

Тайсалмай тура салып тасқа түрен,
Жолынан жауыздықтың таспа тілген.
Ардақтап әділдіктің әліппесін,
Қақ жарған қара қылды қас батыр ең! –
деген өз ұлтының патриот перзенті ХХ ғасырдың ұлы тұлғасы, киелі Қазалы топырағынан нәр алған Ғани Мұратбаевтың 110 жыл мерей тойы тойланғалы отыр.

2 –жүргізуші:
Ғани Қазалыда туған қазақтың жарық жұлдызы емес пе?Ол кейінгі ұрпақтарына ұлағатты іс қалдырған, жастықтың, патриоттық пен батырлықтың айнасы емес пе?
1 –жүргізуші:
Олай болса, бүгінгі айтулы күніміздің қонақтарымен таныстырып өтсек.
1. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О. Бекпанов
2. Қазалы аудандық бөлімінің Тарих бірлестігінің әдіскері Тайпақова Катира Ниязқызы
3. Ғанидің өнегелі істерін ұрпаққа жеткізуші, ұрпағы Б. Рысқұлов
1 –жүргізуші:

«Ғани ерлігі өшпес өнеге» атты ғылыми-практикалық конференцияны ашу үшін мектеп директоры Шермаханов Төребай Айдарбекұлына сөз кезегін береміз.
Хор: «Мұратбаевшылар маршы»
2 –жүргізуші:
Ғани Мұратбаев алмас қылыштай жарқылдап өткен Алаш арыстанының бірі. 18 жасынан бастап Қазақ халқын аштықтан арашалауға, сауатсыздықты жоюға білек сыбана кіріскен ел қамқоршысы болды. Ол өзінің қысқа ғұмырын ақыл ой парасатын жастардың келешегіне арнады.
1 –жүргізуші:

Ғани өмірі бүгінгі Тәуелсіздігімізге жетер жолдағы күрес тарихының қаделі бір парағы, қара басынан халық бұқараның қамын жоғары қоятын парасаттылықтың баяны, тарыққанды демеп, жабыққанды жебеп, жақсылыққа жетелеген ізгіліктің үлгісі. Сондықтанда Ғани рухын құрметтеу ұрпақ парызы.
2 –жүргізуші:
Ғани Мұратбаевтың мерей тойы облыс, аудан көлемінде өткізіліп жатқаны аян. Осы орайда Ғани Мұратбаевтың 110 жылдық мерей тойына арналған іс-шаралар жасалып, мектебімізден 24 ақпанда «Ғанидың өшпес ерлігімен өнегесі» атты оқушылардың ғылыми зерттеу конференциясы өткізіліп үздік деп танылған 10 «А» сынып оқушысы Өтеген Гүлсаяның «Ғани қазақтың жарық жұлдызы» атты іздену жұмысын назарларыңызға ұсынамыз.
1 –жүргізуші:

Рахмет Гүлсая өркенді, талапты, Ғани ізбасары болуыңызға тілектеспіз.
2 –жүргізуші:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, құнды дүниелерімізді зерттеп, зерделеп, жинақтап сақтайтында, оны халыққа жеткізіп, келер ұрпаққа аманаттайтында музей» - деген болатын.
1 –жүргізуші:
Мектебіміздің үздік оқушысы тарих пәні олимпиадасының жүлдегері Жүсіпбек Ырысбек «Ғани мұражайы, рухани тәрбие орталығы» атты баяндамасына кезек берейік.
2 –жүргізуші:

Ғани ісін жалғастырып бүгінгі ұрпаққа жеткізуде үлкен істер атқарылып жатыр. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші жас зерттеушілерімізді марапаттау сәтін бүгінгі кешіміздің қадірменді қонақтарына береміз.
Тілшілер сұхбатты:
«Жас Алаш» газетінің тілшісі Қ. Телеуова, жас тілші 10 сынып оқушысы Н. Қаламбай Ғани ісін жалғастырушы ізбасарларымен сұхбат жүргізу.
1 –жүргізуші:

Жанып өткен жаралған жас жанынан,
Аты ұмтылмай келе жатқан ғасырдан.
Жастарға үлгі боларлықтай іс еткен,
Болашақты жақсы етем деп тер төккен.
2 –жүргізуші:
Жанарың жүр бірінде жарқылдаған,
Дауысың жүр бірінде саңқылдаған.
Жігерің жүр бірінде жасымаған,
Ғұмырың жүр ұрпағында сарқылмаған.
1 –жүргізуші:

Ғанидың ізін жалғастырушы жарқын істерін жалғап жүрген мектебіміздің мақтаныштары алдарыңызда.
(7 сынып оқушыларының әдеби монтажы)
2 –жүргізуші:
Замандастарынан озық туған Ғани Мұратрбаев өзінің қарапайым тұлғасымен, іскерлігімен, соңына сөнбейтін жарықтай өшпес із қалдырған. Ғани туралы серіктес замандастарының естеліктерін, өздерінің қол жазбаларында қалдырды.
1 –жүргізуші:
Олай болса, Ілияс ағамыздың «Ғани туралы естеліктеріне»яғни, бейне көрініске назар аударайық.
2 –жүргізуші:

Жылдар, жылдар зымырап қаншама өткен,
Мен тарих беттерін ашам еппен- деп жырлағандай тарих беттеріндегі мына мәліметтерге көңіл аударсақ. 1924 жылы қазан айында Ғани Мұратбаев Қазалының қызы Бақытжан Танауоваға үйленеді.
1 –жүргізуші:
Ғанидың жары Бақытжан апаның естелігі. Монологты оқушы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Телеуова.
2 –жүргізуші:
Елбасы жолдауында «Қазақстан халықтарының рухани дамуы және «Үш тұғырлы тіл» саясаты. Онда Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдалана алатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс».- деп біздерге үш тілді қалыптастыруға елбасымыз сенім артып отыр.
1 –жүргізуші:

Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» туралы бағытын ұстана отырып, Ғани Мұратбаевтың мерейтойына орай өткізілген оқушылардың «Үш тілдегі шығармалар» байқауының жеңімпаздарын ортаға шақырамыз.
(Сахнада оқушылар өз шығармаларын барша қауымға тарту етеді.)
2 –жүргізуші:
Жанар таудай лапылдаған жастықтың қиындықтан қаймықпай бел шешкен ісіне белсене кірісіп, еңселе шығатын жасампаздықтың әдет-ғұрпына қалдықсыз адалдықтың бейнесін, жадта қалып, кейінгі буын келешек ұрпаққа үлгі өнеге тұтар асыл азамат, тарихи тұлға ретінде, әдеби көркем туындыға арқау болған, өлең жырға бөленген, ақын жанды Ғани ұрпақ жүрегіне жол тапты.
1 –жүргізуші:

Олай болса Ғаниды жүрегімен жырлайтын өрендеріміз өрге шығуда. Ғани Мұратбаевтың 110 жыл мерейтойына арналған аудандық оқушылар мүшайрасының жеңімпазы 8 «А» сынып оқушысы Досмағамбетова Назгүлдің «Ғани аға» өлеңін қабыл алыңыздар.
2 –жүргізуші:
Адамзат баласының сан ғасырлар тарихындағы әлеуметтік сілкіністер мен саяси дүрбелеңге толы кезең жыраққа жылыстаған ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп, асқақ аңсар, мүбарак марапаттар, көкірегіне алаулатып жағып өткен, таңда туған шолпандай қазақтың көгіне із тастай ағып өткен қыршын жас қайраткер тұлға дара есім даңқты болмыс.
Ән. «Жаса Қазақстан»
1 –жүргізуші:

Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына із қалдырған.
Ғани бүгінгі күннің бейнесі.
2 –жүргізуші:
Ғани тұлғасы елдікті қастерлеп, ерлікті ұлықтаған, еліміздің азаматы. Ұрпақ мақтанышы.
1 –жүргізуші:
Келесі кездескенше Еліміз тыныш
2 –жүргізуші:
Жүзіміз жарқын, күніміз ашық болсын!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама