Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті, орыс және шетел ғалымдарының зерттеулерімен, олардың еңбектері туралы, қазақ әдебиетінің дамуы және осы кезеңдегі жырау, ақындардың өмірі мен олардың шығармашылықтарымен таныстыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын, белсенділігін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің барлық тарихи құндылықтарын құрметтеуге, мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақты тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі: Театрландыру сабақ.
Сабақтың әдісі: Интерактивтік оқыту әдістері.
Сабақтың формасы: Жеке – топтық – ұжымдық.
Сабақтың пәнаралық байланысты: Әдебиет, музыка.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, электронды оқулық мәтіні.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылардың амандасу, түгелдеу
• Оқушыларды 3 топқа бөлу
ІІ. Жаңа сабақты меңгерту
1. А.Мұқатаев «Тәуелсіздік ескеткішімен» танысу немесе тарихқа саяхат өлеңі. (Күй ойналып тұрады. Ультипроектор арқылы мәдени мұралар көрсетіледі).
2. Мәтінмен жұмыс. (Электронды оқулық мәтінімен жұмыс).
3. «Қайда? Кім? Қашан?» ойыны
Шарты: 3 топқа сұрақтар қойылады. Топ бірлесе отырып, тез арада жауап беру керек.
1. Қазақстанның Ресей ықпалына біртіндеп өтуі нендей өзгерістер әкелді?
2. «Азияға жол іздеу» алабын кім құрды?

3. Рычковтың «Қырғыз – қайсақ даласы туралы күнделік жазбалары» қашан шықты?
4. И.Муравин, Д.Главдышев, Я.Гуляевтер қай хандардың ордаларында болды?
5. Үмбетей жырау қай жылдары өмір сүрді?
6. Жанақ шығармашылығының ең басты жетістігі не?
7. Н.П.Рычков қайда және қандай қызмет атқарды?
8. Орыс ғалымдарынан Қазақстанды зерттеген кімдер?
9. Ақтамберді жырау қашан, қайда жерленген?
10. Тәттіқара өз шығармаларында кімдердің ерлігін арқау еткен?
11. «Жоңғария картасын» жасаған кім?
12. Ақтамберді қай өңірде тұрады?

13. Неміс саяхатшысы, натуралист П.С.Палластың «Россия мемлекетінің әртүрлі аймақтарына саяхат» аты еңбегінде не айтылған?
14. Ресей ғылым акедемиясының бірінші корреспондент мүшесі П.И.Рычковты кім қолдады?
15. Қашан, қайда қазақ хандары мен сұлтандарының съезі болды?
4. «Тұлғаны таны» ойыны

Шарты: Оқушыларға тұлға бейнесі жасырылады. Бұл кімнің бейнесі екенін табу үшін, 6 бөлікті ұяшықты ұпаймен берілген сұрақтар жасырылған. Ұпайдың – 10 ұпайы оқушылар қоржынына түседі., қалған ұпай онға есептеледі.
10 ұпай:
Қазақстанды қай елдің ғалымдары зерттей бастады?
Жауабы: Қазақстанды орыс және шетел ғалымды зерттей бастады.
20 ұпай:
Қазақ өлкесінің этнографиясы туралы ғылыми мұра қалдырған, «Орынбор өлкесінің топографиясы», «Орынбор тарихы» (1730-1750) атты еңбектердің авторы, Әбілхайыр ханның бейітін суреттеп жазған ғалым?
Жауабы: Рычков
30 ұпай:
ХІХ ғасырдың 80 жылдарында өлке тарихының белгілі зерттеушісі В.В.Веселовский Жоңғария картасын алғаш рет жазбаларында жариялады?
Жауабы: Орыс география қоғамында
40 ұпай:
Қазақстан туралы бағалы картографиялық мағлұматтар кімдердің балаларында кездеседі?
Жауабы: Капитан В.Урусов, мойор И.М.Лихарев
50 ұпай:
Қазақ жерін зерттеген щетел саяхатшыларын ата?
Жауабы: П.С.Паллас, И.Фальк, И.Георги
60 ұпай:
Абылай сұлтанды босатуға қатысқаны туралы, Жоңғарияға сапары қазақ даласы арқылы өтетіндігі туралы мәлімет қалдырған және Сібір – Түмен, Тобыл, Баянауыл туралы мағлұматтарды зерттеп, жүйеге келтірген мұрағаттарында сақталған барлық материалдарды оқып шыққан қазақ хандығы «Сібір тарихы» еңбегін 1750 шығарған, Сібір тарихының атасы атанған кім?
Жауабы: Г.П.Миллер
Жасырылған тұлға – І Петр.

10
20
30
40
50
60
І Петр туралы не білеміз?
(6 бөлікті ұяшықтың астында І Петрдің сурет жасырылған)
5. «Рөлдік ойын».
Шарты: 3 түрлі мәтін жасырылған, әр топ басшылары келіп жасырылған мәтінді алады. Топ мәтін мазмұнына қарай өздері «Рөлдік» қойылым ұйымдастырады. Дайындыққа уақыт беріледі. Рөлдік қойылымнан кейін оқушылар өз ойларын, пікірлерін айтады. Рөлдің мазмұнын түсіне білген және өз мәнінде ойлап шыққан топ марапатталады.
ІІІ.Жаңа сабақты бекіту.
1. «Футбол» ойыны.

Шарты: Оқушылардың алдында парақшалар тартылып беріледі. Парақшаларға оқушылар сұрақтар жазып, қарсы топтарға кезекпен лақтырады. Әрбір дұрыс жауап 1гол (ұпай) болып есептеледі. Ұяшықтағы әр топтың ұпайы есептеліп, жеңімпаз топ анықталады.
2. «Кім тестке жылдам» ойыны
1. И.Г.Андреев, Я, Гавердовский қазақ жүздері туралы мағлұматтар жинақтады. Қай жүз туралы мұғлұмат жинақтады? А) Ұлы жүз Ә) Орта жүз Б) Кіші жүз
2. Ақтамберді жырау қай жылдары өмір сүрді? А) 1706 - 1778жж; Ә) 1675 – 1768 жж; Б) 1684 – 1781жж.
3. ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі, Қалқаман батырдың баласы, Абылай ханның кеңесшісі болған жырауды ата? А) Ақтамберді; Ә) Бұқар; Б) Үмбетей.

4. Айтыстарға қатысқан, философиялық ойларымен белгілі болған кім? А) Ақтамберді; Ә) Бұқар; Б) Үмбетей.
5. Жанақ ақын қай жерде дүниеге келген? А) Шығыс Қазақстан, Абай ауданында; Ә) Солтүстік Қазақстан; Б) Шығыс Қазақстан, Абыралы ауданы.
ІV. Үйге тапсырма: ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
1. Мән жазба
2. Оқулықтың 64 – бетіндегі құжатты оқу.
3. «Тарихи шынжыр» ойынын құрастыру.
V.Бағалау.
Р/с Оқушылардың аты – жөні Мәтінмен жұмыс (қорғау) Не? Қайда? Кім? Қашан? ойыны «Тұлғаны тану» ойыны Рөлдік ойыны «Футбол» ойыны Тест Ұпай
1
Топ ұпай –

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама