Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ғарышқа жол ашқан күн
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектебінің ағылшын пән мұғалімі
Сисенбаева Гүлмира Әбдіғаниқызы

Тақырыбы: Ғарышқа жол ашқан күн
Мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың ғарыш жайлы түсінігін кеңейту, ғарыш, аппараттары туралы мәліметтер беру, ғарышкер өмірімен таныстыру.
ә)дамытушылық: оқушылардың танымдық көзқарасын жетілдіріп, белсенді жұмыс жасау қабілетін дамыту, техникалық құралдарды пайдалану арқылы қызығушылығын аттыру.
б) тәрбиелік: Ұжымдық жұмыс жүргізу арқылы бірлесіп жұмыс атқаруға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Дербес компьютер,интерактивті тақта, нақыл сөздер, буклеттер

Жүргізілу барысы:
І Жүргізуші сөздері
ІІ Экипаж мүшелеріне тапсырма
Экипаж мүшелері
1. Экипаж « Космос » 3. Экипаж « Гагарин »
2. Экипаж « Байқоңыр » 4.Экипаж « Ғарышкер »
Қайырлы кеш, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Биылғы жылдың 12сәуірінде 50 жыл толатын дүниежүзілік космонавтика және авиация күнінің мерейлі мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз!
Мерекелік тақырып аясында 10-сынып оқушыларымен өткізгелі отырған «Жұлдыздарға жол ашқан күн» атты сайысымызға қош келіпсіздер!
Ғарыш саласымен оның тылсым құпияларын өз негізіне арқау ететін бүгінгі сайыс –аспан әлемінен терең түсінік беріп, жаратылыс жаңалықтарымен жадымызды жаңғырта түспек!
ХХ- ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі –адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш айлағының дүниеге келуі. Оның тұңғыш қазығы 1955 жылы қаңтардың 12-сінде қағылды.
Алғаш рет 1961 жылдың 12 сәуірінде адамзат тарихындағы тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин аспан әлеміне жол тартқан күннен бастап, міне, дәл бүгінгі күнге дейін жарты ғасырға жетерлік уақыт өтіпті. 50 жылда адам баласының ғарышты игеруі қарыштап дамып, қаншама рет ғарышқа сапарлар жасалды.
Адамзат күн санап, сағат санап ғарыш әлеміне саяхат жасап жаңалықтар ашты. Сол сияқты бүгін бізде белгісіз галактикалар мен ғаламшарларды, кометалар мен астероидтарды,жұлдыздар мен тұмандықтарды ашу үшін ғарыш әлеміне бірге сапар шегеміз!

І тапсырма: Экипаж мүшелері ғарыштың дамуы
жайлы білетіндерін ортаға салады.

ІІ тапсырма: Экипаж мүшелеріне сұрақтар қою.
1. Ғарыш кемелерінің ұшыру орталығы қайда орналасқан?
2. Бас конструктор кім?
3. Бірінші болып ғарышқа ұшқан кім, ол қанша уақыт ғарышта болды?
4. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін ұсынған астроном?
5. Астрономияның негізгі құралын атаңыз?
6. Алғашқы Жердің жасанды серігі қай жылы ұшырылды?
7. Күнге ең жақын ғаламшар?
8. Айға алғаш табан тіреген адамдар?
9. Газдан тұратын аспан денесін ата,оның қандай түрлері бар?
10. Үш рет ғарышта болған қазақ ғарышкері кім,қай жылдары?

ІІІ тапсырма: Тіл өнері. Үш тұғырлы тіл үйлесімін тапқан бүгінгі Қазақстанда үш тілділік ұлттық мерейі саналады . Ендеше осы турасында да өзімізді сынап өтсек артық етпес. Яғни, сіздер бұл кезеңде қазақ тілінде берілген кез-келген сөздің орысша және ағылшынша баламасын табасыздар .
Тіл - өнер
Қазақ тілінде берілген сөздерді - орысша, ағылшынша тілге аудару.
1. Ауа – воздух – air
2. Ғаламшар – планета – planet
3. Ай – луна – moon
4. Жұлдыз –зведа -star
5. Уақыт – время – time
6. Жылдамдық – скорость – speed
7. Ғарыш – космос – space
8. Күн – солнце – sun
9. Жер – земля – earth
10. Аспан – небо – sky

IV тапсырма: Басқа планеталықтарға хат жазу.
Біздің әлемнің тыс жаратылып ғұмыр кешіп жатқан өзге планеталықтарға жазу арқылы ұшқырлықтарыңызды бағамдайтын соңғы кезең.
Адамзат баласының жан-жақты,рухани үйлесімді дамып қалыптасуына білім мен тәрбие ғана емес, табиғат аясы, жеті қат Жер, Көк, нұрын төккен Күн мен Ай керек. Сондықтан халқымыз жаратылыс әлемін қастерлеп, кие санап, пір тұтып оған сүйіспеншілікпен аса жауапкершілікпен қараған.
Ертеңгі күн біздерде аға-апаларымыздай қазақ халқының мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтататындай атақты ұшқыш, ғарышкер, тіпті болмаса өзге де мамандықтарды игеруге міндеттіміз. Ол үшін жалықпай оқу мен ерінбей іздену керек. Осы айтылғандарды басты назарға ала отырып хат жүйесін құра білу.

V Қорытынды жасау. Жеңген топты марапаттау.
Сайысымыздың қорытынды есебін жариялау үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына берсін.
І- орын «Гагарин» экипаж
ІІ орын «Байқоңыр» экипаж
ІІІ орын «Космос» экипаж
ІV орын «Ғарышкер» экипаж

Ертеде ұланғайыр қазақ даласын жаудан қорғап, талай жауынгерлік жорықтарда жеңіспен оралған бабаларымыздың ержүректілігін, отансүйгіштігін бүгінгі Тоқтар мен Талғат ағаларымыздың ерлігімен теңдей бағаласақ артық болмайтындай!
Адамзат баласының жан-жақты рухани үйлесімді дамып қалыптасуына білім мен тәрбие ғана емес, табиғат аясы, жеті қат Көк, Жер, нұрын төккен Күн мен Ай керек екенін олар дәлелдеп өткендей!
V Қорытынды жасау.Жеңген топты марапаттау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама