Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 15 сәу. 2026 14:30
- 31
Германиядағы әскери техника мұражайы қазақстандықтарға есік ашпайды
Германиядағы әскери техника мұражайы қауіпсіздік талаптарына байланысты Қазақстан, Ресей және Украина азаматтарына кіруге тыйым салды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлады.
Кобленц қаласындағы Әскери техниканы зерттеу жинағы (Wehrtechnische Studiensammlung Koblenz - WTS) мұражайына кіруге тыйым салынған елдердің тізімінде 25 мемлекет бар. Олардың қатарында Қазақстанмен қатар Ресей, Украина, Ауғанстан, Ирак, Иран және КХДР азаматтары да аталады.
Қауіпсіздік талаптары
Мұражай әкімшілігі бұл шешімді қауіпсіздік туралы заңнамаға (SÜG) сәйкес қабылданған қауіпсіздік талаптарымен түсіндірді. Бұл шаралар аталған елдердің азаматтарына қатысты қолданылады.
Мұражай экспонаттары
WTS мұражайында Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі француз Renault FT 17 танкысынан бастап, заманауи Leopard 1 танкісінің үлгілері, сондай-ақ Marder 2 жаяу әскерлер ұрыс машинасы және Kampfpanzer 70 сияқты Германия мен НАТО елдерінің қару-жарақ прототиптері қойылған.
Мұражай туралы
Wehrtechnische Studiensammlung Koblenz — Германиядағы ірі техникалық көрме, ол Бундесвердің әскери техникасын зерттейтін орталық және мұражай қызметін атқарады. Мұнда 19 ғасырдан бергі шамамен 2500-ге жуық қару-жарақ, техника және әскери киім үлгілері сақталған.