Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
«Халыққа жақсы көрінгім келмейді» – Олжас Бектенов тарифтердің өсетінін ашық айтты

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов биыл тұрғын үй-коммуналдық қызмет (ТКШ) тарифтерінің өсуі жалғасатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл – ауыр, бірақ қажетті қадам.

Бектеновтың сөзіне қарағанда, инфляцияны тежеу үшін бұған дейін тариф өсімінің қарқыны бәсеңдетілген. Алайда бұл – мүлде өспейді деген сөз емес. Үкімет басшысы бұл мәселе төңірегінде жалған үміт тудырмауға тырысатынын айтты.

 Тарифтердің өсімі жалғасады. Бұл – жанға бататын мәселе. Біз ұзақ уақыт тарифтерді ұстап келдік. Соның салдарынан Екібастұзда апат болды. Егер қыста жылы болсын, жарық пен су үзілмесін десек, тарифтер өсуі керек. Бұл – халыққа жақсы көріну үшін жасыратын нәрсе емес. Жоқ, тарифтер өседі. Осы арқылы ТКШ саласына инвестиция тартамыз, – деді Бектенов.

 

Премьер-министр қазіргі мақсат – тарифтерді инфляцияға қысым түсірмейтіндей етіп кезең-кезеңімен ұлғайту екенін атап өтті.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама