Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
І, ІІ тоқсанның оқу материалдары интернет платформаға енгізіліп қойды — министр

Қашықтан білім беру бойынша видео-сабақтарды түсіру, цифрлық білім беру ресурстарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Интернет платформа туралы да мәселе бар. Интернет платформаны жетілдіру туралы педагогтарды, ата-аналардың ұсыныстарын тыңдадық. Қазіргі уақытта ІТ- компаниялармен келіссөз жүргізіліп, олар интернет платформаны жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр», — дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылының бірінші, екінші тоқсаны бойынша оқу материалдары интернет платформаға енгізіліп қойды. Енді осы сабақтар ерекше қажеттілігі бар оқушылар үшін қолжетімді болуы үшін жұмыстар атқарылып жатыр.

«Біз қосымша сурдо-аудармамен қамтамасыз ету, шрифт көлемін ұлғайту туралы айттық. Бұл мәселелер біздің тарапымыздан ескерілді. Видео-сабақтарды түсіру, цифрлық білім беру ресурстарын дайындау жұмыстары жүргізілуде», — дейді ол.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама