- 14 шіл. 2020 00:00
- 226
Қашықтан сабақ беретін мұғалімдер арнайы курстан өтеді — министр
Сыныпта сабақ беру мен қашықтан сабақ берудің айырмашылығы өте көп. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Қашықтан оқыту форматында педагогтарға қойылатын бірқатар талап бар. Біріншіден, ІТ технологиясы бойынша талап. Олар ІТ технологиясы, интернет платформасы, интернет жүйесімен жұмыс істей білуі керек. Біз дайындаған біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдерге осымен жұмыс істеуге үйретеміз», — дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Ол екінші мәселе сабақ беру әдістемесі, киберпедагогика, балалардың оқу үлгерімін қалай бағалау керектігі және сабақты қалай беру керектігі туралы екенін айтты.
«Сыныпта сабақ беру мен қашықтан сабақ берудің айырмашылығы өте көп. Оқу әдістемесі тұрғысынан қарағанда бұл өте маңызды процесс, сол себепті алдымызда әріптестеріміздің кәсіби біліктілігін арттыру мәселесі тұр. 20 шілдеден бастап мұғалімдер еңбек демалысынан жұмысқа шыға бастайды. Сол кезде осы курстардан өтеді», — дейді ол.
-
Қашықтан білім беру бойынша видео-сабақтарды түсіру, цифрлық білім беру ресурстарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингте ҚР Білім жән...