Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 24 минут бұрын)
Ішкі істер министрлігі қызметкерлерге қатысты бақылауды күшейтеді

Ішкі істер министрлігінде (ІІМ) өткен алқа отырысында 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жедел-қызметтік жұмыстардың қорытындылары шығарылды. Жиында министр Ержан Сәденов бірқатар маңызды тапсырмалар берді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Басты бағыттар

Министр көші-қон бақылауын дамыту, қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру, ведомстволық білім беруді нығайту және Ұлттық ұланның әлеуетін арттыру бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, қызметтік-әскери тәртіпті нығайту, жауынгерлік және дене даярлығының деңгейін арттыру басым бағыттар ретінде белгіленді.

Бұған қоса, жеке құрамға бақылауды күшейтіп, әрбір бұзушылыққа қатысты қатаң баға беріп, жауапкершіліктің сөзсіз болуын қамтамасыз ету керектігі айтылды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, басшылардың өздеріне сеніп тапсырылған аумақтардағы тәртіп пен қызмет нәтижелері үшін жеке жауапкершілігі атап өтілді.

Қылмыс деңгейі төмендеді

Ведомствоның мәліметінше, есепті кезеңде 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қылмыс деңгейі 9 пайызға, яғни 2150 қылмысқа азайған. Бұл көрсеткіш барлық негізгі санаттар бойынша, соның ішінде адамдарға қарсы жасалған қылмыстар, мүліктік қылмыстар және т.б. бойынша байқалады.

Рецидивистер, кәмелетке толмағандар, масаң күйде, қоғамдық орындарда және тұрмыста жасалған қылмыстардың саны қысқарды. Интернет-алаяқтық әрекеттердің азайғаны және олардың ашылу көрсеткішінің артқаны да атап өтілді. Есепшоттарды бұзу, криптовалюталар, онлайн-кредиттер және жалған интернет-ресурстармен байланысты алаяқтықтар азайған.

3,6 миллионнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, олардың ауыр қылмыстарға ұласуына жол берілмеді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында 722 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, үш мыңнан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылды. Жол қауіпсіздігі саласында 3 миллионнан астам жол ережесін бұзушылықтың жолы кесілді.

Жаңалықтар

Жарнама