Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 49 минут бұрын)
Жеке сәйкестендіру нөміріндегі (ЖСН) қателік қазақстандықтың жалақы алуына кедергі келтірді

Жетісу облысында сот полицияның ЖСН-дағы қатені түзетуден бас тартуын заңсыз деп таныды. Құжаттағы туған күнінің дұрыс жазылмауына байланысты тұрғын жалақысын толық ала алмай, міндетті төлемдерді аударуда қиындықтарға тап болды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Туған күніндегі қателік

Сот анықтағандай, әйелдің туу туралы куәлігі мен неке қию туралы куәлігінде ол 1991 жылғы 13 мамырда туған болып шықты. Алайда, жеке куәлігіндегі ЖСН-да туған күнін білдіретін бөлікте «13» санының орнына «31» жазылған. Бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген идентификациялық нөмірді қалыптастыру ережелеріне сәйкес келмейді.

Жалақы мен салық төлеудегі қиындықтар

ЖСН-дағы сәйкессіздік салдарынан жұмыс орнында жаңа жалақы есептеу жүйесі енгізілгенде, әйелдің зейнетақы жарналарын, салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді аудару мүмкін болмай қалды.

Полицияның әрекеті заңсыз деп танылды

Әйел ЖСН-ды түзету туралы өтінішпен аудандық полиция бөліміне жүгінгенмен, одан бас тарту алды. Соттың анықтауынша, полиция әкімшілік акті шығармаған, керісінше, бас тартуды анықтама түрінде ресімдеген. Бұл әкімшілік рәсімдік-процестік заңнама талаптарына қайшы келеді.

Қаратал аудандық полиция бөлімінің әрекеттері әйелдің құқықтарын бұзып, заңды мүдделеріне кедергі келтіретіндіктен, сот оны заңсыз деп шешті. Соттың шешімімен әйелдің ЖСН-ға өзгеріс енгізу туралы талабы ішінара қанағаттандырылып, полицияға туған күнін (1991 жылғы 13 мамыр) дұрыс көрсетіп, түзету енгізу міндеттелді.

Жаңалықтар

Жарнама