- 05 нау. 2024 02:58
- 191
Жүрек жылуы
Жүрек жылуы
Өзiн - өзi тану сабағының жоспары
Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттер: Мейірімділік, шынайылық, жанашырлық.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға жүрек жылуы туралы айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- Оқушыларға мейірімділік туралы айту;
- Оқушылардың бойындағы жанашырлық, шынайы қамқорлық қасиеттерін дамыту:
- Оқушыларды мейірімділікке, шынайылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеру.
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену Баяу әуен
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге берілген тапсырма №23 сабақтағы В. Осееваның «Жай ғана әжей» мәтіні бойынша, төмендегі сұрақтарға жауап алу:
1. Абзалдың орнында сен болсаң не істер едің?
2. Абзалдың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
Сендердің өмірлеріңде осыған ұқсас оқиға болды ма?
ІІІ. Дәйексөз. Сүйіспеншілік жүректен. Халық даналығы.
- Балалар жүрегінде сүйіспеншілігі бар адам бойында қандай қасиеттер болады?
- Жүрегі таза, ақ адамдар қандай болады? Интернет ресурсы
IV. Мұғалімнің сыйы.«Ғажайып түс» (ертегі) Төрехан Н. Т.
Бірде Арман түс көреді. Түсінде оның дене мүшелері таласады. Бас бірінші болып былай дейді:
- Мен бәрін басқарамын, менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. мен болмасам адам ештеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлей де алмайды, тіпті аштан өлер еді.
- Егер мен болмасам, сені әрі - бері, жан - жаққа кім бұрар еді? – деді Мойын.
Осы кезде қызу таласқа Қол араласты:
- Егер мен болмасам, жүк тасу, тамақ дайындау, кір жуу, үтіктеу, жазу, сурет салу, әртүрлі аспапта ойнау қиынға соғар еді.
Бір кезде Кеуденің де шыдамы таусылды:
- Мен ше?! Егер мен болмасам, адам болар ма еді? Мойын сен қайда қалар едің? Қол - аяқ, сендер ше? – деді.
Ал сендер біздің арқамызда мектепке, дүкенге, киноға барасыңдар. Күні бойы жүгіреміз, сонда да рақмет айтпайсыңдар, - деді Аяқ.
Бұл айтыстың қалай аяқталатыны Арманда қатты қызықтырды, бірақ ең шиеленіскен жерінде ол оянып кетті.
1. Арманның орнында сендер түс көрсеңдер, сендердің түстерің қалай аяқталуы мүмкін еді?
- Ал сендер қалай ойлайсыңдар, адамда ең басты қай мүшесі?
- Ендеше, барлығымыз көзімізді жұмып, тыныштықта жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрегіміз не деп тұр???
Жақсылықты ойла,
Жақсылыққа қара,
Жақсылықты есті,
Жақсылықты айт,
Жақсылықты істе,
Бақытқа бастар жол осы, - мұның бәрін жүрегімізбен қалауымыз керек. Ал оған қол жеткізуге барлық мүшелеріміз де көмектесе алады.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:
І топ: «Сүйіспеншілік» сөзіне «Бес жолды өлең» құрастыру
ІІ топ: «Бақыт» сөзіне «Бес жолды өлең» құрастыру
ІІІ топ: «Қайырымды лық»сөзіне «Бес жолды өлең» құрастыру.
Топпен ән айту.
Бала тілегі. Сөзі: С. Молдасанұлы, Әні: Ф. Жолдасова.
Үй тапсырмасы. 24 сабақ 92 - 95 беттердегі
М. Сүндетовтің «Қайырымдылық» әңгімесін оқу.
Соңғы тыныштық сәтi. (Жай әуен ойнап тұрады.)
Еркін, ыңғайлы отырып, көздерімізді жұмамыз. Бүгінгі өткен сабағымызды ой елегінен өткізейік. «Сүйіспеншілік, жанашырлық, мейірімділік» деген сөздерді естігенде ойларыңа не келеді? Иә, Сүйіспеншілік - тіршіліктің негізгі тірегі. Сүйіспеншілік - тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр.
Ендеше, сол сүйіспеншілікті біз де жүрегімізге ұялатып, басқалармен бөлісе білейік.
Жайлап көздеріңді ашуға болады. Бүгінгі сабақ үшін сендерге үлкен рақмет!
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,
Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің
өзін - өзі тану мұғалімі Кажгалиева Салтанат Оразовна