Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Бауырсақ қалай домалайды
Тақырыбы: Бауырсақ қалай домалайды (жол салып бояу)
Білім беру саласы: « Шығармашылық»
Ашық ұйымдастырылған оқу іс - қызметі: Сурет салу
Мақсаты: а) оңнан солға қарай түзу сызықтар сызуды жалғастыру, қарындашпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту.
ә) саусақ бұлшық еттерін дамыту.
б) ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, сурет салу, ойын.
Көрнекілігі: демонстрациялық материалдар, ертегі кейіпкерлері атрибуттары, түрлі түсті бояу карындаштар, сары түсті қағаз.

Мотивациялық қозғаушылық
Балаларды шеңберге тұрғызып, бір - біріне деген жылы тілектерін айтқызу.
«Бауырсақтың» топқа келуі.
Балаларға «Бауырсақ»ертегісін айтып беру.
Ертегі кейіпкерлерін фланелеграфқа қою арқылы естеріне түсіру.

Іздену - ұйымдастырушы
Бауырсақ үйіне жете алмай адасып кетіпті. Біз бауырсақ одан әрі адасып жүрмеуі үшін оған әдемі түзу жол салып берейік.
Алдарыңда бауырсақтың бейнесі бейнеленген парақ қағаз бар. Бауырсақтың бейнесінен бастап оңнан солға қарай екі түзу сызық сызасыңдар да, өздеріңе ұнаған түстермен бояйсыңдар. Бұл бауырсақтың адаспай жүруіне көмектесетін жолдар болады. Егер сендер жолды қисайтып алсаңдар, бауырсақ тағыда адасып кетуі мүмкін.
Сондықтан мұқият болуға тырысыңдар.
Балаларға үлгі суреттерді көрсету, балалар жолды салып, бояйды.
Сергіту: «Биік болып өсеміз»
Биік болып өсеміз
Жапырақтай жайқалып
Табиғатты сүйеміз
Шетімізден шеберміз
Денемізді тік ұстап
Билеп, билеп аламыз
Салған суреттері бойынша әңгімелету.
Осындай әдемі түзу жолмен бауырсақ үйіне атай мен әжейге аман - есен, адаспай жетіпті.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
«Ақмарал» бөбекжай балабақшасы
Тәрбиеші: Зинешова Айгул

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама