Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Кез келген әдет 21 күнде орнығады

Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады,
Әдетің - мінезіңе айналады.
Мінезің - сенің тағдырың.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қандай да бір іс әдетке айналу үшін аз да, көп те емес, нақ 21 күн қажет, ал ол әдет сіздің өміріңіздің бөлігіне айналу үшін 40 күн кетеді. Егер сіз күн сайын баяу жүгіруді қолға аламын деп шешсеңіз, онда «қолымнан келмейді» немесе «қаламаймын» деген ойдың өзімен мұны 21 күн қатарынан жасау керек. Егер кем дегенде бір күн өткізіп алсаңыз, бәрін қайтадан бастауға тура келеді. Олай етпеген жағдайда жүгірмегендіктен өзіңізді нашар сезінесіз. Біріншіден, дене әдеттегі жүктемені талап етеді, екіншіден, сіз психологиялық ыңғайсыздық хәлін сезінесіз.

21 күн ережесі кез келген — жақсы не жаман — әдетке қатысты жұмыс істейді. Егер сіз ас үйде немесе супермаркетте кез келген азықты жеп үйренген болсаңыз, онда дұрыс тамақтануға көшу үшін сізге 21 күн уақыт қажет. Ал егер 23:00-ге дейін ұйқыға жатуға дағдыланғыңыз келсе, оны да 21 күнде қалыптастыра аласыз. Уақытында ұйықтау әдетін қалыптастыру мүлдем қиын емес. Себебі, ұйықтағанды бәрі жақсы көреді.

Жаңа әдетті қалыптастыруды қолға алған адамға қарата айтылатын ең басты кеңес — бастаған істі жарты жолдан тастап кетпеу. Егер 15 күн шыдаған болсаңыз, неге тағы 6 күн шыдамасқа? Егер дәл қазір берілемін деп шешсеңіз, бұл істі неге бастадыңыз? Бұлай етсеңіз жұмсаған рухани және физикалық күшіңізді текке құртқан боласыз. Әдеттеріңізді, өз тағдырыңызды өзгертіңіз!

Оқуға кеңес береміз:

Табысты адамдардың 8 әдеті

Бенджамин Франклиннің адамгершілік жүйесі

Үйдің шашылмауын қамтамасыз ететін 7 әдет

Салмақ қосуыңызға себепші, күнделікті 5 әдет

Оқып-үйренуді әдетке қалай айналдыруға болады

Бұл әдеттен аулақ болыңыз, кері жағдайда ештеңеге қол жеткізе алмайсыз

Айналадағылардың барлығы сізге қарсы болса, не істеу керек

Өзімізді тәртіпке келтіру үшін 5 кеңес

Табысты адамдар керісінше жасайтын 11 әрекет

Ұлы адамдардың қалыптасқан әдеттері

Жапондық 5S жүйесі

5 сағат ережесі


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама