- 07 нау. 2016 00:00
- 201
Кіші айқас кесте тігісінен панно дайындау
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
№205 қазақ орта мектетебінің
11 "А" сынып оқушысы: Исабек Ақбота
Жетешісі: Жантаева Гүлбану Ақантайқызы, технология пәнінің мұғалімі
Жобаның мақсаты:
Қазіргі заман талабына сай кесте өнерін тіге білу.
Оқушыларды кесте өнеріне бейімдеу.
Еңбек сүйгіштік қасиеттеріне баулу.
Шығармашылық жобаның шарттары
Шығармашылық жоба - бұл мұғалімнің жетекшілігімен орындалатын қорытынды шығармашылық жұмыс. Жобаның орындалу сапасы, негізінен, біздің сабақта алған білімдерімізді, іскерліктерімізді, қаншалықты игергендігімізге байланысты. Жобаны бір сондай-ақ бірнеше оқушы дайындауға болады.
Кесте жайлы мағлұмат
Кесте-қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрі. Кесте сан ғасырлар бойына халқымыздың талантты ісмерлерінің көркем қиялдарын шеберлік құдіретімен бейнелеген ақыл-парасаттарының жауһары. Небір керемет кесте үлгілері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, толықтырылып, жаңғыртылып отырды. Кесте шілік дәстүрі толысып, кемелденуімен бірге өзінің көз тұнытар көркемдігімен, жан сергітер әсемдігімен, өміршеңдігімен халқымыздың тірлік – тынысына мән-мағына қосып, заттық және рухани өмірін әрлей түсті, сән-салтанатын арттырып отырды. Кесте өрнегін кез-келген адам сыза бермейді. Оны арнаулы елішінде "сызушы" деп аталатын өрнекшілер сызады, өйткені кестеленетін заттар түкті төсек сырмақ, кежім т.б. сияқты көлемді және көрнекті жасаулар болуы мүмкін, оны ершіміне келтіріп сызу қажет. Қазақ халқында кесте өнерімен тек қана әйелдер айналысады. Қазақ қыздарына аналары ыждағаттылықпен төзімді талап ететін бұл қолөнер түрін бала кезінен үйретеді. Кесте өнерінің қызбаланың табанды, сабырлы мінез-құлқын қалыптастыруға тигізетін пайдасы көп. Кесте өнерінің түп төркіні – тігіс, тоқыма, өрме өнерімен тамырлас. Мәселен, жөрмеу тігістерінің түрленуінен «баспа кесте», «қабырға кесте», «ашамай кесте» түрлері туындаған. Шеберлер кесте өнері қазынасының айдынын кеңейткен кестелерді көркемдеудің сан алуан тәсілдері : өрнек сызығын қуа түкпірлеп кестелеп толтыру, орайлап толтыру, кенерелеу, тіктеп қатарлап кестелеп толтыру, алтындап, күмістеп көздеу, өрнекті өрнекпен шымдау, шумақты өрнекпен шымдау т.б. жиі қолданған. Кесте тігігуге көбінесе аналарымыз қалың материялдарды таңдаған. Балбарқыт, пүліш, шұға, мәуіті, ағызу, борлат, қалың жібек кездемелер, әртүрлі мәнерленген терілер, жұқа киіздерт.
Қорытынды: Қазіргі қоғамда кесте өнерін түрліше дайындау әдіс-тәсілдері көптеп қолданылуда. Соның бірі айқас тігісі. Заманның ағымына қарай, айқас тігісімен кез-келген бейнені кестелеуге болады.