Кітап - ақылшы досың
ШҚО, Өскемен қаласы
№ 45 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Нажинова Бибигуль
Сабақтың тақырыбы: Кітап - ақылшы досың
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Кітапқа деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту, танымдық - ойлау қабілетін, зейінін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: саяхат сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, балалар әдебиетінен кітап көрмесі, ертегілер әлеміне саяхат, смайлдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше саяхат күн. Саяхат барысында әртүрлі тапсырмалар, ойындар болады.
- Алдымен топтарымызды анықтап алайық. Ол үшін қазір сіздерге мен түсті кітаптар пішінін ұсынамын. Әр қайсыңыз ұнаған түсті таңдап алыңыздар. Енді таңдап алынған түстер бойынша топқа бөлініп отыра қалыңыздар. Балалар топқа бөліндік. Топтың атын анықтау үшін ертегі кітаптарды таңдайық. (Тақтада ертегі кітаптары, слайд). Үш топтың атын анықтаймыз: Алғырлар, Ойшылдар және Тапқырлар.
- Қазір бір жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаңыздар
Көп әңгімем, өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап).
- Кітап туралы не білесіңдер?
- Кітап қайда тұрады?
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше бүгін біздің саяхат сабағымыз не жайлы болмақ?
- Кітаптар жайлы. Балалар, 23 сәуір – Дүниежүзілік кітаптар күні. Олай болса кітаптар тұрағы қала кітапханаларына саяхат жасаймыз.
Сол кезде Али мен Айя кіреді.
- Балалар, қараңдаршы Али мен Айяның көңіл - күйі жоқ боп тұр ғой. Сұрайықшы, не болып қалды екен?
Айя: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Менен сүйікті кітабым қашып кетті. Себебі мен оны күтіп ұстамадым. Енді қайда болуы мүмкін. Табуға көмектесесіңдер ме?
- Әрине, көмектесеміз, Айя!
Мұғалім тақтаға смайликтер іліп жүріп;
- Тапсырмалар өте қиын болады, орындай алмайды. Айяға ешкім көмектесе алмайды – дейді смайликтер.
- Балалар шынымен біз көмектесе алмаймыз ба?
- Смайлик мырза, сіз мұқият қарап отырыңыз. Менің оқушыларым барлық тапсырманы еш қиындықсыз орындайды. Оны сабақ аяғында көресіз.
- Олай болса Айяның кітабы қайда болуы мүмкін?
Оқушылар жауабы;
- Кітапханада
II. Мектеп кітапханасы
- Жақсы дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше саяхатымызды біз ең алдымен мектеп кітапханасынан бастайық. (Интерактивті тақтада мектеп кітапханасының суреті және үлкен құлып шығады).
- Балалар, қараңдаршы мұнда құлып тұр.
- Біз кітапханаға кіре алмайтын болдық қой.
- Оған кіру үшін интерактивті тақтаға кітапханашы апайдың жасырған жұмбақтарын шешейік.
- Қай топ жұмбақтың шешуін көп тауып, кілтке ие болса, сол топ кітапхананы ашады.
Әр жұмбақтың шешуіне бір Күлегеш (смайл) беріледі, смайл көп жинаған топ кілт алады.
Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап)
***
Бойлаған сайын тереңге
Шығасың биік белеңге (білім)
*****
Білімнен мол сый асы,
Балалардың ұясы (мектеп)
***
Білімнің жолбасшысы
Шәкірттің қолбасшысы (мұғалім)
***
Аппақ дала қара дән,
Дәнін сепкен - түсінуге жараған.(әріптер)
***
Қобдиында қайырлы,
Қазынаның бәрі бар.
Тауыссаң көз майыңды,
Қалағаның табылар. (кітап)
***
Ұсынған қойнынан,
Білімнің үлесін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің.( Кітап)
- Кітапханада кітаптар арнайы сөрелерде тұрады. Әр түрлі жастағы балалар баспасы бөлек – бөлек тұрады. Кітапханада шулауға болмайды. Кітапты уақытында қайтарып отыру керек.
Айя айтады: - Балалар, менің кітабым мұнда да жоқ екен. Енді не істеймін?
- Уайымдама Айя, мүмкін біз келесі кітапханадан табамыз.
III. О. Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана
Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді.
• 1976 жылы Оралхан Бөкей «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты,
• 1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н. Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты,
• 1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты наградаларына ие болды.
- Ол кітапхана Славский жағалауындағы 22 үйде орналасқан.
- Балалар, тағы бір кедергі кездесті. Мен сендердің кедергіден қиналмай, мүдірмей өтетіндеріңе сенімдімін.
Али: - Балалар сендер қандай кітап оқығанды ұнатасыңдар?
- Ертегі кітабын оқығанды ұнатамыз.
- Ендеше кедергіден өту үшін «Ертегі кейіпкерін ата» ойынын ойнайық.
Интерактивті тақтадан бірнеше ертегі кейіпкері шығады. Әр топ қол көтеріп, жауап береді. Қай топ көп жауап берсе, сол топ кілт алып есік ашады.
- Өте жақсы балалар! Сендер ертегілерді көп оқитындарыңды көрсеттіңдер.
- Ертегілер тіл байлығымызды дамытады, ой – қиялымызды ұштайды, мейрімділікке баулиды, үйретеді.
Соның нәтижесінде сендер Айя мен Алиге көмектесіп жүрсіңдер.
Айя: - Бірақ, менің кітабым мұнда да жоқ екен балалар. (Мұңаяды).
- Біз сенің кітабыңды міндетті түрде табамыз, Айя!
Толық нұсқасын жүктеу