Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Кітап - бағалы сыйлық
Кітап – бағалы сыйлық
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу (А5); мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау (Ж4)
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады: тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинайды.
Оқушылардың көбісі орындай алады: жинақталған ақпарат бойынша постер дайындайды, сынып алдында постерді қорғайды, шағын диалогке қатысады.
Кейбір оқушылар орындай алады: кейіпкердің рөліне еніп, диалогке қатысады, дебатта өз ойларын жеткізе алады.
Жоспар
Басы – 1 мин Балалар, өткен тақырыпты еске алып, сұрағыма жауап беріңдер:
- Қазақстандағы ең ұзын өзен қандай?
- Ол туралы кім өлең жазды?
- Сендер достарына не сыйлайсыңдар?
Бүгінгі біздің тақырыбымыз: Кітап – бағалы сыйлық
Ал, енді мына суреттерді салыстырып, қандай айырмашылықтар бар екенін айтыңдар.
- Кітабы жоқ үйден қашыңдар, қалай түсінесіңдер?

Ортасы 1. Т
Топты суретті қималармен бөлу. (кітап, кітапхана, сыйлық).
Синквейн, постер жасау.
Мақсаты: маңызды элементтерін тауып, тақырыпты тереңдету.
Синквейнді пайдаланып, сөздің мағынасын тереңірек ұғыну.
1 - топ – кітап
2 - топ – кітапхана
3 - топ – сыйлық
Қалыптастырушы бағалау: топтар бірін - бірі бағалайды.
Критерийлер:
1. Тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинайды.
2. Жинақталған ақпараттар негізінде постер дайындайды.
3. Постерді сынып алдында қорғайды.
Дескрипторлар:
1. Берілген тірек сөздердің көмегімен топта постер әзірледі.
2. Постерді сынып алдында қорғады.
3. Сөздердің мағынасын дұрыс қолданды.

Мәтінмен жұмыс
Үнсіз оқу
Жаңа сөздер: дана сөз, дүние жинамайды, шағын, қызықты мәліметтер, ақпарат, бөле, ұқыпты ұстау, рұқсатымен, табасың, таппайсың.
1. «Кітап – білім бұлағы» деген дана сөз бар. Білімнің пайдасын білетін адам дүние жинамайды, кітап жинайды. Біздің үйде шағын кітапхана бар. Кітапханада ертегілер, сөздіктер, және түрлі энциклопедиялар бар. Мен қызықты мәліметтерді осы кітаптардан оқимын. Мен кітапханадан барлық кітаптардың тізімін жасадым. Кітаптардың авторларын жаздым және қайда, қашан шыққанын көрсеттім.
2. Кейде керек ақпараттарды тез таппайсың. Сондықтан өзіме керек ақпараттарды тез табу үшін, түрлі түсті қағаздардан белгі жасадым.
3. Кітапханадан әкемнің 1 - сыныпта оқыған әліппесі болды. Әкем оны туған күніме сыйлады. Бір күні менің бөлем келді. Ол суретті кітапты қатты ұнатты. Бірақ бұл әліппе мен үшін өте қымбат. Алайда кішкентай бөлемді ренжіткім келмеді. Оның білімге деген құштарлығын көріп, әкемнің рұқсатымен әліппені бөлеме сыйладым. Бөлеме: «Әліппені таза ұста, жыртпа»,- дедім. Бөлем бұл кітапты ұқыпты ұстауға сөз берді. Мен оған: «Талабына нұр жаусын!», - деп тілек айттым.
4. Әкемнің әліппесінің құр тұрмай, пайдаға асқанына мен де қуандым.
3. Т
«Кітап – білім бұлағы»- деген мақал бойынша санақталып,
1 - топ – кітап
2 - топ – білім
3 - топ – бұлақ
Болып бөлінеді.
Жаңа сөздермен жұмыс: кестені толтырып постерге жазу.
1 - топ - дана сөз, дүние жинамайды, шағын;
2 - топ - қызықты мәліметтер, ақпарат, бөле;
3 - топ - ұқыпты ұстау, рұқсатымен, табасың, таппайсың.
Кітап - бағалы сыйлық. жүктеу
Кітап - бағалы сыйлық. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама