Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Көк шөптің пайдасы

Күнімізде әсіресе жас буын арасында фаст фуд (дайын азық) әуестігі көбейгелі, денсаулықтың және жүйелі қоректенудің негізі болған көкөніс тұтынымы азайып жатқаны байқалуда. Сол себепті көкөніс, яғни көк шөп тұтынудың пайдасы саулығымыз үшін қаншалықты маңызды екеніне қысқаша шолу жасамақпыз. Мәселен балдыркөктің адамды жайландыратынын білетін бе едіңіз?..

Балдыркөк (сельдерей): Тамыры да, жапырақтары да тұтынуға жарамды көкөніс. Құрамындағы А, В, РР, С, К дәрумендері мен ферум, калий, кальций, магний, фосфор минералдары арқылы денсаулыққа өте пайдалы. Сондай-ақ, бұл өсімдік қышқылдар мен эфир майларын қамтиды. Бұлар арқылы стрес пен жүйке күйзелісін басуға септігін тигізеді. Зәр жүргізуге, шекер деңгейі мен қан қысымын реттеуге көмекші әсері бар. Балдыркөкті әсіресе қыс мезгілінде көбірек тұтынуға кеңес беріледі.

Аскөк (укроп): Әртүрлі тағамдарда дәмдеуіш ретінде қосылатын шөптердің бірі. Құрамы магний, ферум, кальций, марганец секілді минералдар мен А және С витаминдеріне қанық келеді. Біршама ауруларға қарсы әсері бар аскөк иммунитетті нығайтуға көмекші болып табылады. Ауыз иісін кетіру, іштің желденуінің алдын алу тұрғысынан және талшық мөлшерінің көптігі арқылы да ас қорыту жүйесіне пайдалы болып табылады. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде аскөк тұтыну триглицерид деңгейін 50%, холестерин деңгейін 20% азайтатындығы анықталған.

Ақжелкен (петрушка): Иммунитетті күшейтуші, жүрек ауруларымен қатерлі ісіктен қорған, тіс және тіс еті ауруларының алдын алушы, зәр айдаушы және талшық мөлшерінің көптігі арқылы денсаулыққа өте пайдалы өсімдік. Салаттар мен тағамдарға дәм қатушы ретінде қолданылатын ақжелкен А, С, Е және К дәрумендері мен В9 дәрумені, яғни фолий қышқылының қайнар көзі. Сондай-ақ калий, ферум минералдары тұрғысынан қанық болып табылады.  

Қымыздық (щавель): – құрамында минералды тұздар, органикалық қышқылдар (алма, лимон), ақуыздар, флавоноидтер, қанттар, каротин, дубильді заттар, кальций, калий, магний, темір, B1, В2, С, К, PP дәрумендері бар. Бұл асқорыту, бауыр мен өт қабының қызметін жақсартатын, жараны жазатын, қан кетуді тоқтатын дәруменді және емдік өсімдік. Ол қан аздықта, жүрек қан тамыр ауруларында, аллергияға қарсы құрал ретінде терідегі әртүрлі бөртпелер мен қышымаларда да пайдалы. Қымыздықтың жапырақтары мен жемістері бырыстырғыш және ауруды басатын, жапырақтары жараны жазатын, антитоксиндік, қабынуға қарсы қасиетке ие.

Кинза: Балғын кинза көкөніс салаттарына тамаша қоспа болып табылады. Оны кептіріп, дәмдеуіш, қоспа түрінде де пайдаланады. Кинза B1, B2, C, P, Е дәрумендеріне, натрий, йод, кальций, калий, фосфор минералдарына бай.  Көне заманнан бері медицина саласында пайдаланылып келеді. Ежелгі римдіктер тәбетті ашуда, асқазанның жұмыс істеу қабілетін жақсартуда қолданған. Кинза жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсартуда, ұйқысыздық, депрессия, тамақ, бас ауруларына өте пайдалы. Емшілер кинзаның тері қабаты мен көздің көру қабілетіне де жағымды әсер беретінін байқаған.

Оқуға кеңес береміз:

Қатерлі ісіктің алдын алушы — жүзім

Магнийдің пайдасы

Қыс мезгіліндегі ең пайдалы жемістер

Міндетті түрде дәмін татып көруге тұрарлық 5 түрлі жеміс жидек салаттары


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама