Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың тақырыбы: «Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы»
Ашық сабақ 8 сынып
(СТО - технологиясы бойынша сабақ үлгісі)
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: білімділік – Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығының қыр - сырларын меңгеруге, мазмұнына тереңдей бойлай отырып, шығармаларына жан - жақты талдау жасауға ықпал ету.
дамытушылық – салыстыру арқылы талдау жасауға дағдыланады, өз пікірін еркін жеткізуге қалыптасады;
тәрбиелік – ақын өмірі мен еңбегінен үлгі алып, елін, туған жерін, тілін сүйе білуге дағдыланады.
Сабақтың міндеттері:
Мазмұнға байланысты: өз бетінше іздену, мәтін мазмұнын меңгеру.
СТО - ға байланысты: Ақын өмірі мен шығармашылығынан үлгі - өнеге алу, бүгінгі өмірімен салыстыру.
Топқа байланысты: жеке, жұпта, топта жұмыс істеп, бір - бірін тыңдай білуге жұмылдыру.
Күтілетін нәтиже: әр оқушы өз бетінше іздене алады; мәтін мазмұнымен танысады, ақын өмірі туралы ақпараттарды меңгереді; әр оқушы өз ойын, көзқарасын айтуға мүмкіндік алады, пікірін дәлелдейді, қорғайды, тыңдау әдебін меңгереді.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: «ББҮ»әдісі, топтастыру, дыбыстар сөйлейді, бес жолды өлең, семантикалық карта.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, шығармалары, тірек сызбалар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгелдеу, сабаққа ынтасын аудару.
Сынып оқушыларын үш топқа бөлу:
І топ - «Алғырлар»,
ІІ топ – «Тапқырлар»,
ІІІ топ – «Білімділер»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру, қорыту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
І топ: М. Дулатов туралы қосымша деректер;
ІІ топ: Ақын өлеңдерін жатқа оқу;
ІІІ топ: “Ана” тақырыбына эссе жазу;
ІІІ. Жаңа сабақ

І. Қызығушылықты ояту.
ІІ. Мағынаны тану.
ІІІ. Ой толғаныс
І саты. Қызығушылықты ояту.
ББҮ кестесі. Қосымша мәліметтер тарату. М. Жұмабаев туралы не білеміз?
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім

ІІ саты. Мағынаны тану.
М. Жұмабаев (1893 – 1938 ж.) Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі М. Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келеді. Ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, 1912 жылы “Шолпан” тұңғыш өлендер жинағы жарық көрді.
М. Жұмабаев - философ ақын, “Қорқыт” поэмасы бар. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап “Педагогика”, “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні” еңбектерін жариялады. Ол орыс ақын – жазушылары И. Гете, Г. Гейне, Әбу Фирас, А. В. Кольцов, М. Ю. Лермонтов, А. А. Фет, А. А. Блок, Д. Н. Мамин - Сибиряк т. б. әңгімелерін қазақ тіліне аударған. “Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді Мағжан Жұмабаевтың хронологиялық кестесі.
Мағжанның ақындығын аса жоғары бағалап, таңырқанған М. Әуезов былай деген: «... Мағжанды сүйемін! Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін, менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан... Бұдан соң Мағжанды сүйемін, Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Мағжан мәдениеті зор ақын» М. Әуезрвтың пікірі.
Топтық тапсырмалар таратылады.
1 - тапсырма: «Топтастыру»әдісі.
2 - тапсырма: « Бес жолды өлең» әдісі.
3 - тапсырма: Кейіпкерге хат.

ІІІ саты. Ой толғаныс.
Сабақты қорыту: Көрнекті жазушы, ақын, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі - Мағжан Жұмабаевтың қысқыша өмірі мен шығармашылығы туралы танысып, өз ой - пікірлеріңді ортаға салдыңдар, балалар. Олай болса сендердің де білуге құштарлықтарың талмасын деп бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз.
Интерактивті тақта арқылы тірек сызбалар, «дыбыстар сөйлейді» кестесін толтырады.
Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдім? Неге үйрендім?

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
№ 51 М. Қаратаев атындағы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Жолдасбекова Бағлан Әбдіманапқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама