Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Математика 2 сынып. Қайталау сабағы
Математика 2 сынып.Қайталау сабағы
Тақырыбы:Қайталау
Мақсаты:
А)білімділік:Оқушыларды есеп шығаруға дағдыландыру,алған білімдерін жетілдіру;
Ә)дамытушылық:тез есептеу,есте сақтау,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік:әсемдікке баулу,алға қойған мақсаттарына жетуге ұқыптылыққа,ізденімпаздыққа,тапқырлыққа,өздігінен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:іскерліктер мен дағдыларды жетілдіру сабағы
Сабақтың түрі:дәстүрлі емес(саяхат сабақ)
Әдіс - тәсілдері:түсіндіру,сұрақ - жауап,өзіндік,топтық жұмыс
Көрнекілігі:слайдтар,интерактивті тақта,оқулық
Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері,ана тілі
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу;
- түгендеу;
- кабинет тазалығын тексеру;
- оқушылар назарын сабаққа аудару;
- сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.

- Балалар бүгінгі сабағымызда еліміздің қалаларын аралап,саяхат жасаймыз.
- Саяхатымызды бастау үшін алдымен ауа – райын біліп алайық.Күн ашық болу үшін тапсырма орындаймыз.Яғни,біз бүгін күннің үстін басқан бұлттардан арылтамыз.Әр бұлтты алып,артындағы тапсырманы орындаймыз.Күн бұлтты болса саяхатқа шыға алмай қаламыз.

19+9=28
37+7=44
55+8=63
50- 8=42
64+16=80
42+38=82
28+32=60
46+14=60
60- 5=55
30- 7=23
75+5=80
51+29=80

- Біз қай қалада тұрамыз?
Олай болса,Қызылордадан Алматыға бару үшін автобусқа отырамыз.Бірақ автобус жүргізушісі бізге мынадай шарт қойып отыр: «үйге берілген тапсырманы орындағандар ғана автобусқа отырады»- дейді.

II.Үй тапсырмасын тексеру

- Барлығымыз тапсырманы орындадық па?
- Олай болса балалар,сендерге сәттілік.


III.Жаңа сабақ.

1- мысал. 12 алманы 4 тәрелкеге тең бөліп салды.Сонда әр тәрелкеге неше алмадан салынды?
2- мысал.Әжей шарадағы 4 л қымызды 4 кесеге тең бөліп құйды.Әр кесеге неше литр қымыз құйылды?
3- мысал. 14(15,16,18)санынан нәтижесінде нөл шығатындай етіп,бірдей сандарды азайт.

Үлгі:15 – 5 – 5 – 5 = 0
15 – 3 – 3 – 3 – 3 – 3 = 0
4- мысал.Есепті шығар.
А)Наурыз тойында 60 өнерпаз оқушы қатысты.Олардың 20- сы әнші,6- уы биші,ал қалғандары – домбырашылар.Тойға неше домбырашы қатысты?
Ә)Өнерпаздар байқауына қатысқан 42 адамның ішінен 6 адам жүлде алды.Байқауға қатысқан неше өнерпаз жүлде ала алмады?

5- мысал.Теңдеулерді шеш:
27+Х=90
90- Х=63
Х- 27=63
6- мысал.
Бірліктерін қосқанда 18,ал ондықтарын қосқанда бір таңбалы сан шығатын екі таңбалы екі санның қосындысын жаз.Оның мәнін тап.Қосуды азайтумен тексер.Сондай тағы бірнеше қосынды жаз.Олардың мәндерін тап.Тексер.
7- мысал.Мысалдарды шығар:
34 + 19
53 – 18
5 + 9 – 6
72 – 18
50 – 17
17 – (12 – 5 )
46 + 25
71 – 24
90 – (13 – 6 )

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама