Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Махамбет жырлары – асқақ рухтың үні

 Жоспар:

I Кіріспе

          Азаттық  үшін  кұрескен  батыр

II Негізгі  бөлім:

         а) Көтерілістің  жалынды  үгіттеушісі

         ә) Ханнан  да  тайсалмаған  әділ  ақын

III  Қорытынды

          Арманда  кеткен  есіл  ер...

 

     Тарихтың  алтын  парақтарына  көз  шолып  жүрміз.   Қаншама  уақыт  сағаттары  өткенімен  тарих  қойнауындағы  байлығымызды  сақтаумен  келеміз. Әсіресе,  ондағы  батырлар  ерліктері  мәңгі  санамыздан  орын  тепті. Ел  басына  күн  туғанда  бір  жағада  бас  бір  жеңнен  қол  шығаруды  үйрететін  де  осы   батырлар  өрені. Қысылтаяң,  халық  басында  қара  бұлт  үйірілген  шақта  қолбасшы  батыр,  қаһарман  ақын Махамбет  Өтемісұлы халық азаттығы үшін күресті. Ал  Махамбетті  тудырған  кезең  патша  өкіметінің отаршылдық езгісіне  тұспа-тұс  келді.

 Қолбасшы  батыр- сол  кездегі  көтерілістің  жалынды  үгіттеушісі,  көсем  басқарушысы,  жауынгер  жыршысы. Исатай- Махамбет  көтерілісі- тарих  парақшаларының  ең  бір  жақын  беттері   болып  саналады. Себебі батыр, елі  үшін  аянбады, Халқы  үшін  азаттықты  көкседі.

   Сегіз  қырлы  бір  сырлы  ақын қашанда да  от ауызды  орақ  тілді  болған. Махамбет  сөзінің  өткірлігі сонша  сөгіс алған  адамды  қамшы осып  өткендей  күйге  түсіреді  екен. Патша  өкіметіне  қарсы  тұруына  күші  ғана  емес, жалынды жігер-намысы, жырлары себеп  болған  екен. Қазіргі  қанжығамызда Махамбеттің  жүзге  жуық  өлеңдері  бар. Батырлық,  ерлік  хақындағы  өлеңдері  қазақ  болғаныңа  қуанарлықтай рух  береді. Ел  арасындағы  келелі  істерге  ат салысып, күрмеулі  дауды  шешуі  де  Махамбеттің  батылдығының  көрінісі.

Елестетіп  байқасақ,  ащы  шындықты  ашына  патша  өкіметіне  жырлау, әсіресе,  жаугершілік  заман  сыйпатында  екінің  бірінің  қолынан  келмейді. Махамбет   болса,  өз  дәуірінің  шындық  ақыны. "Хан  емессің,  қасқырсың " өлеңі  осы  ойдың  айғағы:

     Хан  емессің,  қасқырсың,

   Қас  албасты  басқырсың.

    Достарың  келіп  табалап,

    Дұшпаның  сені  басқа  ұрсын!

     Хан  емессің,  ылансың,

    Қара  шұбар  жылансың.

     Хан  емессің,  аянсың

    Айыр  құйрық  шаянсың! 

Он сегіз  айға  созылған  көтеріліс  Махамбет  қайратын  шыңдамаса  қажытқан  емес. Оның  ерлігі  мен  шығармашылығы  одан  сайын ұштала  бастады. Осы  дүрбелең  өмір  дүбірінде  Махамбет  өлеңдерінің    біршамасы  көтеріліс  тақырыбының  аясында  болды." Соғыс ", "Ереуіл  атқа  ер  салмай", " Ұл  туса", " Толарсақтан  саз  кешіп"  сынды  өлеңдері  сол  заматтағы  басты  тақырыпқа  айналды. Көтеріліс  бітуге  тақаған  шақта  жан  жолдасы  Исатайдан  айрылып  қалады. Содан  Махамбет  жырларының  тақырыбы  мұң  мен  шерді  аңғарып  тұрды.  Мысалға  алсақ, " қызғыш  құс " өлеңінің  мына  екі  тармағында:

Исатайдан  айырылып 

Жалғыздықпен  болдым  дос!- деп  өз  жай- күйін  аңғартады.

Қолында  қаламы, белінде  қылышы бар  батыр  ақынның  кез  келген  өлеңін  ерлік  жыры  деуге  болады. Көтерілісте қаруы  мен қаламын  қатар  алып  жүріп,  "толарсақтан  саз  кешкен  ақын" күреске  "қас  үлектен  туған  қатепті  қара  нар  керек  екенін", бірақ  артынан  қару  ұстап  шығатын  ешкім  болмағандықтан,  өзіне  дос  саналып  жүрген  қанды  қол  Ықылас  қолынан  мерт  болды.

Махамбет халық  азаттығын  көксеген күрескер. Ұл  туса  Махамбеттей  болсын. Себебі,  Махамбеттей  жалынды  ақын,  көзі  ашық  батыр  тұлғалар  қазіргі  заманға  да  керек-ті  .Ер  Махамбет- бір  ғасырда  бір  туар  тұлға және  қасірет  тартқан  замандағы  қасиеттің  ақыны.

Еңлік Жұмаш


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама