Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мектеп директоры Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақтың қара домбырасын сыйға тартты

Бүгін Ақордада Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысы Возвышенко орта мектебінің директоры Ирина Седова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев домбыра сыйлады.

«Солтүстік Қазақстан облысының Возвышенко ауылынан келіп отырмын. Бізді  алыс-алыс ауылдардан, еліміздің түпкір-түпкірінен шақырып, осындай шуақты кездесу ұйымдастырғаныңыз үшін Сізге алғысым шексіз. Бұл біз үшін ұмытылмас тарихи оқиға!

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, менің қазақ тілін білуім тағдырыма ерекше әсер етті.  Қазіргі таңда өзім білім алған мектептің директорымын әрі сонда қазақ тілінен сабақ беремін. Енді ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Мемлекеттік тілді білу  әрбір азаматтың парызы десек, өзге білді білу өзің үшін керек. Сондықтан Сіздің үш тілді білім беру бастамаңызды қолдаймын. Аса құрметті Елбасы! Қазақтың шаршағанын басатын да, жан сарайын ашатын да қасиетті домбыра. Сіздің домбыраны жақсы тартатыныңызды бәріміз де білеміз. Мен сізге 9 пернесіне Қазақстандағы 9  милилон әйелдің өзіңізге деген ықыласы сиятын домбыра сыйлағым келеді», - дей келе ол Қазақстан Президентіне домбыраны сыйға тартты.

«Мемлекеттік тілді білесің, орыс тілін білесің. Өзіңнің ана тілің неміс тілін де білесің. Жарайсың!», деген Елбасы сыйға тартқан домбыраны қабыл алды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама