- 05 нау. 2024 02:17
- 128
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері
Астана қаласы
Гуманитарлық колледжінің
музыка пәнінің мұғалімі
Базарова Аягоз Умертаевна
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері
Оқыту мен тәрбие егіз - деп бекер айтылмаған. Сондықтан біз өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, халқымыздың ұлттық музыкасы арқылы олардың бойына өз елінің жетістіктері мен табыстарына, музыкалық мәдениетіне деген үлкен мақтаныш сүйіспеншілік, қызығушылық сезімдерін қалыптастыруымыз керек. Өнер түрлерінің әрқайсысы адамға әсер етудің спецификалық құралдарына ие. Музыка болса, бала өмірінің ең басында әсер ету мүмкіндігіне ие. Музыка ең бір бай әрі әсерлі эстетикалық тәрбие құралы, оның аса үлкен эмоциялық әсері бар, адамның сезімін тәрбиелейді, талғамын қалыптастырады. Еліміз егемендік алып, Қазақстан өз алдына дербес мемлекет болып қалыптасқалы, жеткіншектерімізге жеткілікті көңіл бөлінуде. Бүлдіршіндерімізді жан - жақты етіп тәрбиелеуге, отансүйгіштікке, мейірімділікке, әсемдікті сүюге тәрбиелеуде музыканың алар орны ерекше. Баланың музыкалық мәдениетін, эстетикалық талғамын, ұлттық сана - сезімін қалыптастыруда сөзбен жеткізе алмайтын әсемдікті музыка тілімен жеткізуге болады. Балалардың ой - өрісін, талғампаздығын, есту қабілетін арттыруда атқаратын рөлі зор. Музыкалық тәрбие беру әдістері мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық жағынан жетілдіріп, тәрбиелеудегі қызметтің барлық түрінде сенім мен жүйелі жаттықтырудың қажеттігін айқындайды. Музыкалық тәрбие бойынша жұмыс істейтін педагогтар жұмысының басты жетістігі – шығармашылық. Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер, музыкалық қабілеттерінің дамуы, музыка мәдениеті негізінің қалыптасуы екенін айтады, яғни, музыкалық тәрбиені мектепке дейінгі жастан бастау керек. Балалық шақта музыкалық әсердің таза болуынан кейін орнын толтыру өте қиын. Музыка табиғи ырғақты сөзбен пара - пар. Сөйлеу үшін сөздік орта қажеттілігі сияқты, музыканы жақсы көруі үшін балада түрлі дәуірлер мен стильдердегі музыкалық шығармаларды қабылдай білу тәжірибесі болуы тиіс, оның ырғағына үйренуі, яғни көңіл - күйін тани білуі тиіс.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.