Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мектепке дейінгі тәрбиешінің музыка сабағындағы ролі
Астана қаласы Гуманитарлық колледжінің
музыка пәнінің мұғалімі Базарова Аягоз Умертаевна

Мектепке дейінгі тәрбиешінің музыка сабағындағы ролі

Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпал оқулықтармен де, жақсы әдет - ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау және мадақтау жүйесімен де, ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие. (К. Д. Ушинский)

Шығармашылық жұмыстың өзектілігі: Музыка мектепалды баласының өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының түйісуіне байланысты болады. Музыка жетекшісі мен тәрбиешілер әрекеттестігінде балалардың музыкалық дамуы бойынша жұмысты бірлесіп жоспарлап олардың ұғымдары мен әрекеттерінің жалпы мағынасын қалыптастыруларын салыстыруға бағытталған инициатива алмасу қажет. Осы тұрғыдан алғанда балабақшадағы тәрбиешінің музыкалық сауаттылық және құзырлығы мәселесі өзектілігін жоймайтыны сөзсіз.

Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, аспаптарды тану қабілеттері бірте - бірте қалыптасады. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі болғандықтан мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі жас ұрпақты жан - жақты дамытып, тәрбие беріп, оның өмірге, еңбекке даярлау бала тәрбиесі жайында отбасына көмектесу педагогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты, әрі қадірлі қоғамдық міндет атқарады.

Шығармашылық жұмыстың мақсаты: Болашақ тәрбиешінің музыка сабағындағы баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін ашу үшін қажетті жағдайлар туғызу және жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің алғашқы түп негіздерін қалыптастыру.
Шығармашылық жұмыстың міндеті:
• Музыка сабағындағы тәрбиеші үнемі жинақы, таза, ұқыпты жүруге, сөйлеген сөзі мәнді, ойлы болуы керек.
•Тәрбиеші музыка сабағында өзінің мінезін, жүріс тұрысын жөнге салып ұйымдастыра білуі керек.
• Арнаулы музыкалық сауаттылық білімін дағдыландырып меңгеруі тиіс.
• Балалармен музыка сабағында сөйлесе біліп көз қарасымен де, ымымен де өз ойын түсіндіре білуі керек.
• Тәрбиеші музыкаға қалыпты қызығушылығын, әр түрлі музыкаға эмоциялық сезгіштігін қалыптастыру және дамыту;
• Би билеу және ән салу дағдыларын қалыптастыра білу;
• Тәрбиеші қарапайым балалар музыкалық аспаптарды тану, музыкалық қабылдауын, есте сақтауын дамыту;

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама